Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Журналистеріміз жұмыссыз қалады». Депутат Сәрсенғалиев ҚҚС бойынша әріптестерін жақтап сөйледі

9 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
"Журналистеріміз жұмыссыз қалады". Депутат Сәрсенғалиев ҚҚС бойынша әріптестерін жақтап сөйледі
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс отырысында жаңа Салық кодексі талқыланып жатыр. Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев бұл өзгерістер БАҚ өкілдеріне үлкен ауыртпалық екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Dalanews.kz дерегіне сүйеніп.

Депутаттың мәлімдемесі

«Қазір ақпараттық соғыс әлемде қалай жүріп жатқанын, әр ел ақпараттық тұрғыда өз-өзін қалай қауіпсіздендіруге тырысып жатқанын жақсы білеміз. Сондықтан қосымша құн салығы бұқаралық ақпарат құралдарына 16%-ға жететін болса, сәйкесінше бұл біздің еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының өзіміздің іштегі азаматтарымызға, отандастарымызға қажет жобалар жасауына, қажет дүниелерді жолдауына яки бәсекелестік қабілеттілігіне кері әсер етеді. Сәйкесінше шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары елімізде қаптайды және шетелдік жобалар біздің телеэкраннан да, радиодан да, интернеттен де түспейді деген сөз. Бұл — үлкен қауіп», — деді ол.

Депутат бұл мәселе газет-журналды да айналып өтпейтінін жеткізді.

«Бізде облыстық, аудандық, қалалық газет-журналдар бар. Ол жердегі әріптестеріміз онсызда кіп-кішкентай айлыққа ілділдәлап әрең күнін көріп отыр. Егер оларға салынатын қосымша құн салығы 16%-ға баратын болса, онда көбі жабылып тынады. Сәйкесінше аймақтар тиісті ақпарат құралынсыз қалады, азаматтар, әріптес журналистеріміз жұмыссыз қалады», — деді ол.

Нартай Сәрсенғалиев маңызды екі ұсыныс жолдады.

«Біріншісі, еліміздегі отандық газет-журналдарға қосымша құн салығын алып тастау яки нөл пайыз қылу. Екінші еліміздегі отандық ресми тіркелген телеарналар мен радиоларға және интернет ресурстарына қосымша құн салығын 10% деңгейінде қалдыру. Бәріміз білетін тәмсіл бар ғой: кім ақпаратқа иелік етсе, сол әлемге иелік етеді деген. Сондықтан осы бағытта отандық БАҚ-тың бәсекелестікке қабілеттілігін, дұрыс ақпарат таратуын сақтап қалу керек», — деп түйіндеді ол.

Жұманғариннің жауабы

 

Вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттың сауалына жауап беріп, жеңілдік қарастырылмайтынын жеткізді.

«БАҚ-қа біз толығымен 16% ҚҚС-ты жолдаймыз. Сол себепті ешқандай жеңілдіктер көзделмеген. Ол әрбір БАҚ-тың жалпы жылда есептелген тауар айналымына байланысты болады. ҚҚС-ның шекті мәнін біз қолдадық. 40 миллион теңге. Ол деген ақиқат зат есептеймін. Шетелдік БАҚ келсе, олар да төлейді. Сол себепті әрбір БАҚ-тың бәсекелестікке қабілеттілігі оның берген ақпаратының көпшілікке қызық екеніне, сапасына байланысты болады. Журнал, газет, интернет, радио деп бөлу дұрыс емес деп есептейміз», — деді министр.

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.