Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кітапты қалай дұрыс оқу керек – Фейнман әдісі

11 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Кітапты қалай дұрыс оқу керек – Фейнман әдісі

Мақпал Әділханқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Кітап оқу – жаңа білім мен тәжірибе алудың маңызды жолдарының бірі. Әрине, адам үшін ең бай әрі жедел ақпарат көзі – қарым-қатынас. Бірақ кітаптарсыз өзін-өзі дамыту, ой-өрісті кеңейту мүмкін емес. Өйткені үздік авторлар жүздеген дереккөздерді зерттеп, бізге тек маңыздысын ұсынады. Ал көркем әдебиет кейіпкерлерімен бірге біз өзге өмірлерді бастан өткереміз.

Белгілі кәсіпкер Михаил Фридман бір сұхбатында бизнес пен экономика туралы кітаптарды оқымайтынын айтқан. «Бай болу – бұл адам табиғатын түсіну өнері. Ал оны қарым-қатынас пен көркем әдебиеттен үйренуге болады», – дейді ол. Дегенмен, біз бүгін көркем емес, яғни нон-фикшн әдебиетті дұрыс оқу жолдары туралы сөз етеміз.

Ең алдымен, не үшін кітап оқып жүргеніңізді түсініп алғаныңыз жөн. Шынында да, «жылына 50–100 кітап оқимын» деп әлеуметтік желіде жариялау көбіне мақтан үшін жасалатын әрекет. Ал мақсат білім алу болса, әдіс басқаша болады. Танымал инвестор Навал Равикант «Мен кітапты түсіну үшін оқимын. Қызық бөлімге бірден секіремін, бастан-аяқ оқымаймын. Қызық идеяны тауып, терең ойланып, қосымша деректер іздеймін. Тақырып таусылып, ішім пысса – тастап кетемін», – дейді. Америкалық жазушы Кэти Сьерра да «кейін керек болар» деп білім жинаудың орнына «қазір қажет» дүниені оқыған жөн екенін айтады.

Келесі қағида – ұнамаған кітапты тастап кетуге болады. Уақыт – ең қымбат ресурс, ал оны қызықсыз кітапқа жұмсаудың мәні жоқ. Әдебиет сыншысы Нэнси Перл «50-бет ережесін» ұсынады: кітаптың 50-бетіне келгенде оның сізге қажет екеніне көз жеткізіңіз, егер қызықсыз болса – тоқтаңыз. Жасыңыз 50-ден асса, 100-ден жасыңызды шегеріп, сонша беттен кейін шешім қабылдаңыз.

Кейбіреулер «техникалар» арқылы тез оқуды ұсынады. Бірақ, мамандардың айтуынша, жылдам оқу техникасы көбіне нәтиже бермейді. Одан да оқығанды есте сақтап қалуға күш салған жөн. Оқығанды есте қалдырудың жолы – қайталау. Неміс ғалымы Герман Эббингауз ұсынған «ұмытылу қисығына» сай, жаңа ақпарат тез ұмытылады. Бірақ белгілі бір уақыттан кейін қайталасаңыз, ақпарат есте тұрақтап қалады.

Кітаптың қызық тұстарын сызып қою да көп адам қолданатын тәсіл. Бірақ мамандардың айтуынша, бұл тек бір сәттік қана ләззат береді. Белгі соғылған тұстарға кейін оралмасаңыз, пайдасы шамалы. Оның орнына өзіңіздің жеке индексіңізді жасап көріңіз. Мысалы, кітаптағы сізге қызық идеяларды бастапқы немесе соңғы бетке жазып, сол тақырыптарға қатысты беттерді белгілеп қоюға болады. Оқуға қайтып келгенде осы индекс бойынша оңай тауып аласыз.

Тағы бір әдіс – оқыған кітабыңыз бойынша шағын презентация жасап көру. Кітаптағы маңызды бір ойды бөліп алып, Power Point-те таныстырылым етіп жасап қойсаңыз, әрі есте жақсы қалады, әрі кейін де қайталап көруге болады.

Соңғысы – Фейнман әдісі. Белгілі физик Ричард Фейнман «шынайы білім – баланың өзінше түсінетіндей етіп түсіндіре алу» дейді. Ол үшін бір парақ қағаз алып, тақырыпты жазып қойып, қарапайым тілмен түсіндіруге тырысыңыз. Қиындық туған жерде кітапқа қайта оралып, толықтырып, қайта жазыңыз. Кейін сол тақырыпты басқа адамға түсіндіріп көріңіз.

Кітап оқу – тек сан қуалап, көлем жинау емес, өзіңізге шынайы пайда әкелетін әдіспен оқу. Сондықтан кітапты дұрыс таңдап, дұрыс оқыңыз.

7-su.kz/Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.