Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ерекше балалардың дамуында оң өзгеріс бар ма?

8 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Ерекше балалардың дамуында оң өзгеріс бар ма?
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде 12 мыңнан астам аутист бала бар. Бұл қағаз жүзінде тіркелгені ғана. Жалпы аутизм спектрінің бұзылуы жөнінде мәліметтер әлемде әлі күнге бір ізге түспеген. Мамандар әр елде ахуалды анықтау мен диагноз қою әдісі әрқалай екенін айтады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай «Аутизм спектрі бұзылысы бар балаларға көмек көрсету теориясы мен тәжірибесі» атты семинар өтті. Іс-шараға орталық қызметкерлері мен Талдықорған қаласы, Ескелді, Көксу аудандарындағы орталықтардан келген арнайы мамандар қатысты. Мекеме директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлназ Әуелбекова келген қонақтарға орталықтың жай-күйі туралы мағлұмат беріп, ерекше балаларды оқытып, даярлайтын кабинеттерді көрсетті. Оның сөзінше, орталыққа келетін ерекше балалар АВА-терапия, емдік денешынықтыру, еңбек терапиясы, қыш жасау, музыка терапия, тігін, ағаш шеберханасы, лего, робот-терапиясы, сенсорлық интеграция, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, логопед, психолог және дефектолог сабақтарына қатысады. 

Аутизм – ерекше күтімді қажет ететін жандардың сырқаты. Олар бізден тек түсіністік пен қолдауды күтеді. Біздің міндетіміз – олардың мүмкіндігін шектеу емес, керісінше, қоғамға толыққанды араласуына жағдай жасау. Осы семинар арқылы орталық қызметкерлері аутизм туралы ғылыми тұрғыдан маңызды ақпараттармен бөліседі. Тәжірибелі мамандар өз пікірін ортаға салып, қоғамның инклюзивті дамуына қалай үлес қоса алатыны талқыланады. Бұл – мамандардың кәсіби дағдысын жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және аутизм спектрі бұзылысы бар балаларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға септігін тигізеді, – деді директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлназ Нұртасқызы. 

Семинарды ашқан орталық директоры Эдуард Саметаевтың айтуынша, мұнда 18 жасқа дейінгі 125 балаға екі ауысым бойынша қызмет көрсетіледі. Олардың ең кішісі 2 жас 7 ай, алды 17 жаста. Орталық «Самұрық Қазына», «Н. Назарбаев» қорларының қолдауымен 2023 жылдың 31 наурызында ашылған. Штат кестесі бойынша 114 маман бар, педагогикалық құрамда 62 адам. Ерекше балаларға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. 

Орталық алғаш ашылғанда 103 балаға қызмет көрсетсе, кейін олардың саны 125-ке жетті. Өкінішке қарай, статистика бойынша елімізде аутист балалардың саны өскен. Бұл балалардың тағдыры Президентіміздің басты назарында. Жуырда өткен Құрылтайда да осы мәселе көтеріліп, облыстарда аутизм орталықтарын ашу туралы кеңінен айтылды. Сондықтан бізде алдағы уақытта қосымша 40 балаға филиал ашу көзделуде. Қазіргі таңда 125 баладан бөлек кезекке тұрғандар саны көп. Филиалдың ашылуына қаражат бөлініп, іс оңынан шешімін табады деп сенеміз, – деген орталық директоры Эдуард Төлебайұлы мұндағы ерекше балалардың дамуында оң өзгеріс барын да айтты. 

Теориялық және практикалық бөлім бойынша өткен семинарда арнайы мамандар Р. Күншығарова, Л. Түсіпбекова. И. Ахметова, С. Солтанбековалар өз тәжірибесімен бөлісті. Шараға қатысқан мамандар кәсіби дағдысын жетілдіріп, аутизм спектрі бұзылысы бар балаларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға қатысты толқыққанды мағлұмат алды. 

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.