Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Жетісудың жайсаңы

«Көркем әдебиет адамды қайраткерге дейін тәрбиелейді» деген тәмсіл бар. Гүлжанатты журналистика қайраткерлікке дейін көтерді. Себебі, ол мамандығына адал болды. Телеарнаға есеппен емес, ес-түссіз еңбек етті. Тоқсаныншы жылдардың соңында қала әкімдігінің жанынан «Уақыт» деген бағдарлама ашылды. Онда Гүлжанат Мақұлжанова, Наталья Борсенко және Жұмахмет Жайлаубаев қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ретінде хабар таратты. Ал 2002 жылы Алматы облысы Талдықорғанға көшіп келгенде бұл құрамға Забира Сайдилдина, Виктор Гудзь қосылды. Басында олар айлықсыз жұмыс істеді. Одан Гүлнәз Мұстафа, Роза Дүйсебаева журналистер қатарын толықтырды. Облыстық «Жетісу» телеарнасының тарихы осылай қалыптасты. Телеарнаның бағын ашқан журналистер халыққа қалтқысыз қызмет етті.

18.07.2025
ІЗГІЛІК ІЗІ
Жетісудың жайсаңы
WhatsAppTelegramFacebook

Эфирдің келбетіне айналған Гүлжанат пен Натальяның жаңалық жеткізудегі шеберлігі, көпшіліктің алдында өзін-өзі ұстауы, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері көрерменнің көңілінен шықты. Бұл – эфир үшін таптырмас қасиет. Көгілдір экранның алдында отырған көрермен жаңалықтың маңызын, атқарылу барысын жан-дүниесімен сезетін. Гүлжанат Мақұлжанова осылайша облыстық телеарнаның эфирінен көрерменді баурап алды. Әр тақырыпты жан-жақты ашып, түсінікті айтып, мәнін, халыққа пайдасын жағымды даусымен әдемі жеткізеді. Басшылыққа да, халыққа да жақты. Ол облыс құрылып қайта тарағанға дейінгі 25 жылда 6 әкімнің құзырындағы телеарнада «Апта» бағдарламасын жүргізді. Ешқайсысы тележүргізушінің жұмысына сын айтпады. Оған көптеген жауапты жиындарда, мемлекеттік шараларда, іссапарларда қасында жүрген мен куә.

Гүлжанат Ахметқызы ар жібін аттаған емес. Ешкімге қиянат жасамайды. Керісінше, адамзаттың барлығын бауырым деп құшағына қысады. Екеуміз қыстаудағы малшы ауылдарына, жайлаудағы тау бөктерінде жатқан жалғыз үйлерге шопандар өмірін көрсетуге баратынбыз. Ондайда Гүлжанат: «Шопандардың балалары бар шығар» деп қаладан шықпай жатып дүкеннен қант-кәмпитін алып алады. «Үйінде үлкен анасы болса басына тағайын» деп сөмкесіне ақ жаулық та сала шығады. Бір қарағанда жәй ғана көңіл аулау сияқты көрінгенімен адамды қуанту үшін жасалған амалдың төркіні тереңде жатыр. Ол, біріншіден, қазақилығымыз, мұсылмандығымыз. Алатаудың етегіндегі жалғыз үйдің шаңырағын шаттыққа бөлеп, көңілін сергіту.

Журналистердің тәттілер ала келгенін көрген бала-шаға шаттанып қалады. Олар басында «қалалық, малдың тезегін көрмеген қаламгерлер келеді» деп қысылып-қымтырылатыны анық. «Келгенше үй иесі ұялады, келген соң қонақ ұялады» деген бар емес пе?! Ер адамдарға бәрібір ғой. «Журналистің сұрағына жауап беремін. Жайылымдағы малды суретке түсірер» деп отыра береді. Ал, әйелдер қауымы: «Келген қонақтар қандай адамдар? Менің тұрмысымды жақтырмай қала ма екен?!» деген ой түйетіні сөзсіз. Ондайда Гүлжанаттың ежелгі танысы сияқты жарқылдап, балалардың басынан сипап, қаладан әкелген базарлығын ұсынғанда отағалары жайылып сала береді. «Бізді менсінбейтін шығар деп ойлап едік. Қазақтың кеңпейіл қызы екен ғой» деп ризашылық білдіріп жатады. Ал, шаңырақта апа болса, өзіне ақ орамал таққан тәрбиелі қызға үйінен аттанғанша батасын береді. «Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбайды» деген сөз Гүлжанаттай жомарт жанға арналса керек.

Сұхбат кезінде өзінің шопанның қызы екенін, жаңа қонысқа көшіп келгенде жерошақ қазып, үй тіккен кездерін еске алады. Ондайда сұхбат беруші журналистке жан-дүниесімен жақындайды. Шынайы қуанып, қойшы ауылдың қызықтарын айтып, барлығы бір серпіліп қалады. Міне, содан кейін сұхбат та, хабар да өз-өзінен жасала береді. Тілші қыздың жақсы сөзі жаңа танысының жанын семіртеді.

Шопанның үйінен аттанарда бала-шаға, үлкен-кіші Гүлжанатты жақындарындай көріп, қимай қоштасады. Көлік қозғалған кезде: «Дәулет аға, сигнал беріңізші. Олар қалып барады ғой. Қуанып қалсын. Айдалада отырған бұл кісілер үшін біздің жылы қабақ танытып, ашық-жарқын сөйлескеніміздің өзі бірнеше күнге «азық» болады. Айтып, қуанып жүреді» – дейді. Сөйтіп біз таудағы қараша үйден өзіміз де қуанып, өзгені де шаттандырып аттанамыз. Сондықтан да Гүлжанат Мақұлжанова барған ауыл мәре-сәре болып жатады. Гүлжанатты ешуақытта ұмытпай, өткен-кеткеннен сұрап отыратыны сондықтан.

Ол сюжетті жүрдім-бардым жасамайды. Мәселенің «тығылып» жатқан мән-мағынасын ашады. Мұны журналистикада тақырыпты ашу дейді. Мысалы, механизатор туралы сюжет жасаса ол саланы жіліктеп, шағып шығады. Кейіпкерді жан-жақты көрсетеді. Оның техника жүргізудегі шеберлігі мен өз ісінің нағыз маманы екенін дәлелдейді. Ол үшін адамның ішкі жан-дүниесіне үңіледі. Айтпай жатқан ойларын ойнақы сұрақтар арқылы сыртқа шығарады.

Негізінде нағыз еңбек адамы көп сөйлемейді. Сондықтан ауыл шаруашылығы мамандарының жұмысын тарқатып айту, көрсету қиынның қиыны. Олар аз сөйлеп, көп жұмыс істейді. Мысалы, сушы жайлы сюжет түсіру үшін оның таңнан кешке дейінгі жұмысының қыр-сырын көрсету керек. Ал, сушы қауымы сөйлегенді ұнатпайды. Сұрақ қойсаң: «Е, қызылша сусыз өніп-өспейді. Сондықтан жерді құрғатып алмау керек. Сол үшін күндіз-түні жүреміз ғой», – дейді. Бұл олардың ең ұзақ сөйлегені. Атызды қазудан басталатын әңгімені ары қарай өзің тарқатуың керек. Жәй ғана тарқатып қоймай Гүлжанатша түрлендіріп, мамандықтың маңызын ашып, аптап ыстықта аққан ащы тер мен таңдайға түсетін тәтті дәмді көрерменге сезіндіру керек. Сушының еңбегіне бәрекелді дегізесің. Мұндайда «Жетісу» телеарнасының дарынды журналисі ақындарша ағытылады. Бірде ұйқастарын жыр шумақтарынша төгіп-төгіп жібереді. Ондайда айтар ой ойнақы, түсінікті, тартымды жетеді. Хабар түсірерде сол мамандық жайлы ізденеді. Сюжет түсіру барысында аталмыш кәсіпті біршама меңгеріп те алады. Мұны ізденімпаз журналистер ғана жасайды. «Көре-көре көсем боласың» демекші, өзіңді-өзің тәрбиелеп жүйрік журналистке айналасың.

Оның бойына осы қасиеттің барлығы ата-анадан дарыған. Әкесі Ахмет аға өмір бойы қой соңында жүріп, балаларын адал еңбекпен өсірген. Зейінді қыз әке бойындағы еңбекқорлықты зердесіне тоқып өсті. Аруағыңнан айналайын Ахмет аға бізге: «Пәре берме, бара бер» дейтін. Тек Гүлжанат емес, оның қасында жүрген қызметті жаңа бастаған достары Ахмет ағаның осы сөзін санаға сіңіріп алдық. Баспана алу үшін бара бердік, бара бердік. «Еңбек – бәрін де жеңбек» дегенді де санамызға құйып отырды. Шіркін-ай, адал тапқан табыстың дәмі қандай тәтті болатынын кейбіреулер білмейді-ау! Бір жақсысы, көңіліміз жәй. Ешкім бізді қу, алаяқ, жемір, арсыз деп атамайды. Міне, Ахмет аға бір қауым елді осылайша бет-жүзінің ашық болуына тәрбиеледі.

Ақсу ауданында ол мал баққан жерді «Ахмет базы» деп атайды. Оны ешкімнен сұрап алған жоқ. Халықтың өзі солай атап кетті. Шағын жер атаның атын ұмыттырмасы анық. Ал Үміт тәтем ше?! Нағыз қазақ әйелінің бет-бейнесі. Дауыс көтеріп сөйлегенін естімеппіз. Қашан да алақанын көкке жайып, ел-жұрттың амандығын тілеп отырады. Қандай қиын-қыстау сәтте де сабырын жоғалтпайды. Барға қанағат, жоққа салауат етеді. Ұл-қыздары бауырмал. Барлық шаруаны бірлесіп атқарады. Сондықтан да олар үшін шешілмейтін мәселе жоқ. Отбасылық жағдайда бірге қуанып, бірге шаттанады. Текті ұрпақ. Тектілік әкенің қаны, ананың сүтімен берілетіні хақ. Гүлжанат әкесі мен анасын ерекше құрметтейді.

Ахмет аға бірнеше жыл қатарынан аурумен алысты. Қасында басын сүйеп Гүлжанаты мен басқа да балалары жүрді. Ауруханадан шығып, үйінде болғанда да журналист қызы әке деп қуантып айналсоқтап, қасынан шықпайтын. Батасын алды. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген. Бүгінде Гүлжанат Ахметқызы елдің алдында еркелеп, жайраң қағып жүрсе ол ата-анадан алған батамен көгеріп-көктегені. Беті – ашық, жүзі – жарық. Тілші қыз туысқа – жанашыр, досқа – адал, отбасына – қамқор, жұмысқа – жауапты, ел-жұртына – тілекші. Гүлжанат – адамзаттың асылы.

Ол бүгінде өмірден өз орындарын тапқан үш баланың анасы. Арыстандай айбатты Алматы өзінің жолын қуған тілші. Қос бүлдіршіннің әкесі. Сүйкімді Маликасы бір әулеттің келіні. Ана атанып, Батыр есімді ұл өсіріп жатыр. Мадина банк саласының білгір маманы. Қызметке бара салып, мекеменің маңдайалды маманы атанды. Руслан мен Гүлжанат оны: «Қара қызым, дара қызым» деп атайды.

Ана қырандай өзінен кейінгі телеарна журналистеріне бағыт-бағдар беріп отыратын Гүлжанат Мақұлжан- ова жаңалықтар бөлімінің басшысы. Қаншама журналист әріптесім, ұстазым деп мақтан етеді. «Адамдардың жақсысы өзгеге пайдалы болғаны» дейді иісі мұсылман. Гүлжанат Мақұлжанованы ел-жұрты, өскен ортасы қадірлеп, «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағын берген еді. Кеше ғана ел-жұртына қалтқысыз қызмет көрсеткені үшін кеудесіне «Құрмет» орденін жарқырата таққан әріптес, дос Гүлжанатыма бірге жүрер жолымыз ұзақ та мәнді болсын демекпін! 

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.