Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Демалыс күндері Балқаш көлі жағалауынан 4 тоннаға дейін қоқыс шығарылады

24 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Демалыс күндері Балқаш көлі жағалауынан 4 тоннаға дейін қоқыс шығарылады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысындағы Балқаш көлі жағалауында санитарлық тазалық шаралары тұрақты атқарылып, демалыс күндері көл жағасынан 4 тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Сонымен қатар көлге апаратын жол бойындағы Лепсі ауылында жол қауіпсіздігі үшін жылдамдық өлшегіш құрылғылар мен бейнекамералар орнатылды. 

Лепсі ауылдық округінің әкімдігі тарапынан көл жағалауының тазалығы шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. Округ әкімі Ақтөре Қиястың айтуынша, жағалаудың тазалығы үшін аудандық әкімдік 2 техникамен қамтамасыз еткен және ауыл тұрғындарынан тазалық үшін 10 адам арнайы бекітілген. Жағалаудан жұмыс күндері 2 тоннаға дейін, ал демалыс күндері 4 тоннаға дейін қоқыс шығарылады.

Балқаш көліне дейінгі жол жаңғыртылып, көлік қозғалысы үшін ашылғаннан кейін көлге келушілер саны айтарлықтай артты. Осыған орай жолдағы қауіпсіздік шараларын күшейту қолға алынды.

– Жазғы шомылу маусымы кезінде автокөлік жолындағы қауіпсіздік, жол апатының алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау аса маңызды. Сондықтан Лепсі ауылына 4 дана «Мерген» жылдамдық өлшегіш құрылғысы мен 4 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бұл өз кезегінде жүргізушілердің жылдамдықты шектен асырмауына ықпал етуге, жолдағы тәртіпті бақылауға бағытталған, – дейді аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Рүстем Ботбаев.

Көл жағалауының инфрақұрылымын дамыту және санитарлық тазалығын жақсарту бағытындағы игілікті шараларға демалушылар да риза.

– Мен Талдықорған қаласынан биылғы шомылу маусымында үшінші рет келіп отырмын. Жолдың сапасы жақсарғаннан бері көлге келетін халық қарасы көбейді. Балқаштың суы жылы, жағасы таяз, құмды, әсіресе бала-шағаның түскеніне өте қолайлы. Жағалауды дамыту қолға алынып жатқанын естідік, өте дұрыс шешім деп есептейміз, – дейді Аяулы есімді демалушы.

Еске салсақ, Балқаш көлі – Жетісу өңірінің маңызды туристік нысандарының бірі. Бүгінгі күні көл жағалауына инфрақұрылым тартылуда. Қазіргі кезде көл жағалауында 52 мың адам демалса, жағалау қажетті инфрақұрылыммен қамтылып, даму жоспары іске асырылғаннан кейін мұнда маусымына 450 мыңнан астам адам демалады деп болжанып отыр.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.