Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Елде АПВ және басқа да инфекцияларға қарсы вакцинациялау жүріп жатыр

30 шілде 2025
ДЕНСАУЛЫҚ
Елде АПВ және басқа да инфекцияларға қарсы вакцинациялау жүріп жатыр

aids38.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау бағдарламасы жалғасуда. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бағдарламаның бірінші кезеңі аясында 11-13 жас аралығындағы 149,3 мыңнан астам қыз бала вакцина алды. Сонымен қатар, шамамен 90 мың жасөспірімге вакцинаның екінші дозасы салынды. Жалпы, 2023 жылдың қыркүйегінен бері ел бойынша АПВ-ға қарсы 238,2 мың профилактикалық егу жүргізілген.

Ресми деректерге сәйкес, вакцинациядан кейін жағымсыз реакциялар тіркелмеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) АПВ-ға қарсы вакцинаны қауіпсіз әрі тиімді алдын алу шарасы ретінде ұсынады.

АПВ вакцинациясының басты мақсаты — әйелдерді жатыр мойны обырынан, сонымен қатар гениталий кондиломалары, анус пен жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері сияқты басқа да онкологиялық аурулардан қорғау.

Қазіргі таңда әлемнің 147 елі бұл вакцинаны ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізсе, 76 мемлекет оны ұлдар мен қыздарға бірдей жүргізуде. Контингенттің кеңеюі вирустың халық арасында таралуын азайтып, АПВ-ға байланысты аурулардың алдын алуға ықпал етеді. Осыған байланысты еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі 11 жастағы ұл балаларды да АПВ вакцинациясымен қамту мәселесін қарастырып отыр.

Сонымен бірге, Қорғаныс министрлігінің бастамасымен мерзімді әскери қызметшілерге менингококк инфекциясына қарсы екпе егу жоспарлануда. Себебі бұл топ эпидемиологиялық тұрғыдан ең осал саналады: әскери өмір тығыз байланыс, ұжымдық тұру, жиі іссапарлар мен далалық жаттығулармен байланысты, бұл аурудың тез таралуына жағдай туғызуы мүмкін.

Оған қоса, Ұлттық техникалық консультациялық топтың ұсынымына сәйкес, 1 жасқа дейінгі балалар үшін вакцинация кестесіне өзгерістер енгізу қарастырылып отыр. Ол көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, В типті гемофильді инфекцияға, полиомиелитке және В гепатитіне қарсы егу мерзімін жаңартуды көздейді.

Сондай-ақ, 16 жастағы жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша көкжөтелге қарсы вакцинацияны ерікті түрде енгізу ұсынылуда.

Мамандардың айтуынша, иммундауға жататын контингенттің кеңеюі инфекциялық аурулардың ауыр ағымының, асқынулардың, сондай-ақ өлім-жітімнің алдын алуға сеп болады. Бұл шаралар халық денсаулығын қорғау жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Бүгін, 10:32
Тоқаев пен Путин AI Journey форумы қарсаңында кездесті

Тоқаев пен Путин AI Journey форумы қарсаңында кездесті

Бүгін, 09:43
Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.