Талдықорған: +15°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Еңбектен қол үзбеген медбике

Ел ішінде еңбегімен еленген, қарапайым болмысымен қадірлі, жүрегі мейірімге толы жандар аз емес. Солардың бірі – Ақсу өңірінің тумасы, 41 жылдық тәжірибесі бар медбике, ақ халатты ардагер – Тамара Гиннель.

31.07.2025
КҮЛТӨБЕ
Еңбектен қол үзбеген медбике
WhatsAppTelegramFacebook

Тамара апай Талдықорған өңіріндегі көпшілікке етене таныс. Ол – Суықсай ауылының тумасы. Тамырында беларусь пен кубань казактарының қаны ағып тұрса да жүрегі қазақ деп соғады. Әкесі мен анасы Қапалға тың көтеруге келіп, осы топырақта тағдыр тоғыстырыпты. Жалғыз қызы – Тамара. Төлқұжатында ұлты орыс. Алайда өз болмысын қазақпен байланыстырып, «Мен қазақпын!» деп айтудан еш тартынбайды.

– Қазақ тілі – көркем, бай тіл. Оны үйрену аса қиын емес, жүрекпен қаласаң жетіп жатыр. Автобуста біреу мені орыс деп орысша сөйлесе қазақша жауап беремін. Тіпті, қажет болса, «неге қазақша сөйлемейсің?» деп уәж айтатын кезім көп болады. Қазақстанда тұратын әрбір азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті, – дейді ол.

Тамара Гиннель Талдықорған медицина училищесінің түлегі. Жалпы медицина бөлімін тамамдап, еңбек жолын Ақсу ауылдық ауруханасында бастап, 15 жыл сонда абыройлы қызмет етті. Одан кейін 6 жыл облыстық ауруханада, 25 жыл туберкулезге қарсы облыстық диспансерде тер төкті. Қазіргі таңда зейнет жасында болса да жеке кәсіпорын «Гордорстрой» ЖШС-де медбике болып жұмыс істеп жүр.
Кәсіпорын жол жөндеу және ауыр техникалармен айналысатын ірі мекеме. Онда Тамара апай күніне 40-тан астам жүргізушінің жүрек соғысын, қан қысымын, денсаулығын тексеріп, көлік жүргізуге рұқсат береді.

Николай Юдин, «Гордорстрой» ЖШС-нің бас инженері:
– Біздің мекемеде медицина маманы өте маңызды маман. Тамара Геннадийқызы кәсіби маман ғана емес, ұжымдағы ең беделді, сенімді, жауапкершілігі зор кадр. Оның рұқсатынсыз бірде-бір техника жүргізушісі жұмысқа шықпайды.
Тамара апайдың өмір жолы қызықты естеліктерге толы. Орыс болса да қазақша ғана сөйлейді. Бірде базарға барып, шамның білтесін сатып ала алмай тілі байланып тұрған сәті есінде:

– Орысша білмеймін ғой. Сатушыға не деп айтарымды білмей шыр көбелек айналып жүр едім, ауылдан бір танысым кездесіп, «фитиль деп айт» деп жымия күлді. Сол кезде қатты ұялдым, – дейді ол.

Тамара апай қазақ шаңырағының қадірлі келіні. Жолдасы – қазақ. Үш қызы – Мая, Мира, Индира. Қазақтың үш түрлі руына келін болған. Жеті немересі бар: Әмірхан, Нұрай, Әлихан, Айлин, Ерназар, Алан, Ерасыл, бәрі де ұлттық тәрбиемен сусындап өсіп келеді.

Ол – қазақтың салт-дәстүріне, руханиятына шын құрметпен қарайтын жан. Ислам дінін қабылдаған. Ораза ұстап, ауызашар беріп, әр ісін «бісмілләмен» бастайды.

Пандемия кезінде ел ішіндегі жағдай ушығып тұрғанда көп адамның үйіне барып ем жасап, екпе салып, ауыр хәлдегі талай жанға араша болды. Тамара апайдың «қолы жеңіл» екенін ел біледі. Жара таңады, дәрі салады, жылы сөзімен емдейді. Жас та, кәрі де өз еркімен соған барып, ақыл сұрайды.

– Қарапайым өмір сүріп келемін. Дүние қуған емеспін. Көп жылғы еңбегіме медаль да, марапат та тиген жоқ. Бірақ елдің алғысы мен үшін бәрінен қымбат. Арманым – немерелерімнің бірі ақ халат киіп, менің жолымды жалғауы, – дейді ардагер медбике.

41 жыл – бір адамның тұтас ғұмыры. Бар өмірін медицинаға арнап, елдің денсаулығына шын жанашырлықпен қызмет ету – екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Тамара Геннадийқызы антына адал, өз ісінің нағыз маманы. Осындай қажырлы еңбегінің арқасында еліне қадірлі. Ақ халат секілді абыройлы да кіршіксіз.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.