Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бақтығали «…деген екен!»

3 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Бақтығали «…деген екен!»

yandex.kz

WhatsAppTelegramFacebook

«Мынадай бір жағдайда Пәленшекең былай деген екен» деген әңгіме қай ауылда да айтылады емес пе? Алматы облысының бүгінде тарап кеткен Күрті ауданының орталығы Ақши ауылында ғұмыр кешкен журналист Бақтығали Садық сондай айтқыштардың бірі еді. Аталған ауданның «Шұғыла» газетінде көп жылдар бойы фототілші қызметін атқарған Бәкеңнің жаңағыдай әңгімелері ел арасында әлі күнге дейін айтылады. Оқырманға сондай әңгімелердің бір тобын ұсынып отырмыз.

«Қияр егетін жерім жоқ…»

Кеңестік кезеңде жұртшылық арасында «5 сомдық» деп аталатын радионы демалыс күндері сыртқа шығарып, дауысын көтеріп қоятын да әдет болды емес пе? Жер жаһандағы жаңалықтармен қатар халық әндері мен күйлерін де жиі беріп тұратын, арасында татардың сазды әуендерін шалқытып жіберетін бұл радионы үзбей тыңдайтындардың қатары көп болатын.
Бір жолы Бәкеңнің құдай қосқан көршісі Мұстафа сондай радионы сыртқа шығарып, даңғырлатып қояды. Сыртта жүріп сазды бағдарламаға біраз уақыт құлақ қойған Бақтығали бір уақытта көршісіне барып қатаң талап қояды:
– Ана радиоңды тап қазір өшірмесең кірпішпен бір ұрып талқанын шығарамын…
Қай кезде де сырбаз қалпынан айнымайтын, соған орай жайшылықта ешкімге артық-ауыс сөз де айта қоймайтын мәдениетті азамат аң-таң болып қалады.
– Не боп қалды, Бәке?! Радионың жазығы не? Несі ұнамай қалды?
– Сенің радиоң «Широка страна моя родная» деп әндетіп жатыр, ал менің үйімнің айналасында қияр егетін жерім жоқ…

«Балаларым Орта жүз…»

Оңтайландыру саясатының тұсында тарап кеткен Күртінің аудандық газетінде фототілші қызметін атқарған Бәкең қырықтан асқанша бойдақ болып жүріп қалады. Сол жасқа келгенде жергілікті жердің қызына үйленіп, ұл-қызды болады.
«Жергілікті жердің» деп отырғанымыздың да мәнісі бар. Олай дейтініміз, Бәкеңнің өзі Батыстағы Орал өңірінің тумасы. Ертеректе келіп, осы өңірде тұрақтап қалған азамат.
Бірде ағайындарының бірі Бәкеңмен жолығып, қал-жағдай сұраса келе балалары жайына тоқталады.
– Неше балаң бар, Бәке?
– Аллаға шүкір, бір ұл, бір қызым бар.
– Бәрекелді, бауырым. Үйіңде Кіші жүздің екі кішкентайы өсіп келе жатыр екен ғой, аман болсын.
– Рахмет, айтқаныңыз келсін. Бірақ оларды Кіші жүз дегеніңіз дұрыс бола қояр ма екен?.. Орта жүз дегеніңіз дұрыс болар…
– Е, неге? Сен Кіші жүздің азаматы емессің бе?
– Иә, Кіші жүздің азаматымын.
– Онда қалай Орта жүз болады?
– Әйелім Ұлы жүз, мен Кіші жүз болсам, балаларым Орта жүз болмай ма?

«Кітап дүкені керек пе еді?..»

Жұмысқа таң азаннан келген Бәкең газеттің суреттерін дайындағаннан кейін сыртқа шығып, таза ауа жұтып тұрады. Әлден уақытта көше бойымен асығыс келе жатқан өзге ұлттың екі азаматы көзге шалынады. Олар да мұны көріп тоқтай қалады.
– Жерлес, дүкеннің қайда екенін айтасың ба?
Түнімен арақ ішіп, бет-ауыздары көлкілдеп ісіп, бастары ауырып тұрған екеудің сұрап тұрғандары арақ дүкені екенін білсе де Бәкең:
– Сіздерге кітап дүкені керек пе еді?.. – деп өп-өтірік аңқаулана қалады.
Алдымен бір-біріне, соңыра сұрақ қойып тұрған адамға аңтарыла қараған екеу сөздің мағынасы миларына жеткеннен кейін Бәкеңді боқтықтың астына алады. Ауыздарына ақ ит кіріп, көк ит шығады.
– Кітабыңмен құрып кет, иттің баласы, бізге арақ дүкені керек!
Өзін бұрыштан асқанша боқтап бара жатқан екеуге қарап ішек-сілесі қатқан Бәкең бұл әңгімені көпке дейін айтып жүрді.

Екінші нұсқа

Баяғы кең заманда Ақшиден «жүзграмдатып» қатты қызып шыққан Бәкең Жамбыл ауданына, қайын жұртына қарай жолға шығады. Қара жолдың бойынан, елді мекен тұсынан көліктен түсіп қалып көз ұшынан көрініп тұрған ауылға қарай жаяу тартады.
Сол кездері ауыл маңындағы вагон типтес уақытша жайда жақын маңда жол салып жатқан жиырма шақты жұмысшы тұратын. Көбі өзге ұлттың өкілдері.
Бәкең жолай сол ұлттың үш азаматын кезіктіреді. Қармақ ұстап, рюкзак асынған олар демалыс кезінде жақын маңнан балық аулауға бара жатса керек.
Ішінде «ақаңның» қызуы бар Бәкең соның күшімен жаңағыларға тиісе бастайды. «Семейді, Аралды экологиялық апатқа ұшыратқан сендер енді мына жердің балығын құртуға кетіп барасыңдар…» деген мағынада біраз әңгіме айтады.
Екі тілде бірдей шешен сөйлейтін Бәкеңнің сөзі өтіп кеткен үш жігіт «бұл неменеге сеніп тиісіп тұр?» дегендей оның бас-аяғына байыптап көз салады. Батыл-батыл сөйлеп, екпінінен жел есіп тұрған тұрған жігіттің бір қарағанда үшеуін бірдей сұлатып салатын қауқары жоқ сияқты. Тіпті біреуіне де шамасы келе қоймайтындай ма, қалай?..
Соны байқаған жігіттер қармақтары мен рюкзактарын жерге қойып, білектерін түріп, басқа бір «әңгімеге» дайындала бастайды. Мәселенің ойламаған жерден ушығып, қауіпті сипат алып бара жатқанын байқаған Бәкең қорқа бастағанын білдірмей басқа бір әңгіме бастайды.
– Сендер мені сабайын деп тұрсыңдар ғой. Жарайды, сабарсыңдар. Бірақ өлтіре қоймассыңдар… Сендер мына вагонда қанша адам тұрасыңдар?
– Жиырма адамбыз.
– Анау көрініп тұрған ауыл менің қайын жұртым. Еңбектесем де түннің ортасында сол ауылға жетермін. Таң ата қырық жігіт осында болады. Әйтсе де оны бірінші нұсқа деп есептеңдер. Дегенмен, екінші нұсқа да бар…
– Ол қандай нұсқа?
– Сөмкемде бір литр арақ бар еді, соны ішіп татуласайық…
Бір-біріне аңтарыла қараған үш жігіттің «таң ата қырық жігіт келеді…» деген сөзден сескеніп қалғандары байқалған. Бір литр араққа деген «тәбеттері» де жоқ емес. Бәрі қосыла келгенде екінші нұсқа жеңіп «Шығар арағыңды…» дегенге әкеледі.
Олардың ауыл жігіттерінен сескеніп қалғандарын байқаған Бәкең кейіннен «ішіп отырып қайта тиістім» деп күліп жүрді.

Жинақтаған Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.