Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛСЕНДІ ҚОРҒАЛАДЫ

2 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
БӘСЕКЕЛЕСТІК  БЕЛСЕНДІ ҚОРҒАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде облыста бәсекелестік ортаны қолдау және әділ нарықтық қатынастарды қамтамасыз ету бағытында айтарлықтай жұмыс атқарылуда. Бұл туралы «Жетісу Медиа» ақпарат алаңында өткен жиында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облыстық департаментінің басшысы Маржан Қалменова таныстырды.

Оның айтуынша, ең алдымен, нарықтағы бәсекелестікке қарсы әрекеттерге тосқауыл қойылған.

Жыл басынан бері департамент картельдік келісімдерге қатысты жүргізілген тергеп-тексеру жұмысын аяқтады. Сонымен қатар, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан анықталған заң бұзушылық белгілері бойынша берілген хабарламалар негізінде талаптар орындалды. «Жетісугаз» акционерлік қоғамына департамент жүргізген тексеріс нәтижесінде сұйытылған газ тұтынушыларға бірдей бағада сатылатын болды. Сондай-ақ, 36 квазимемлекеттік ұйымға мониторинг жүргізілген, департамент 18 мекемеден заң бұзушылықтар анықтап, оны жою туралы тиісті нұсқамалар берілді. Бүгінде мемлекеттік қолдау алатын 4 субъектінің қызметіне тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді.

Айта кетерлігі, мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет бағытын өзгерту немесе кеңейту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу қажет. Осыған байланысты 21 өтініш қаралып, оның 17- сі мақұлданды.

Нарықты талдау – экономиканы дамыту жолы. Биыл департамент құс еті, авиаотын, қонақүй қызметтері, азық-түлік бөлшек саудасы, сұйытылған газ және нан өнімдеріне қатысты жоспарлы және жоспардан тыс 8 нарықтық талдау жүргізіп, азық-түлік саудасында цифрлық платформа арқылы өнім өткізу жолын ұсынды. Бұл әділ бәсекелестікті дамытады. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі және орта білім беру, сондай-ақ пошта жөнелтімдері салаларына қатысты 3 талдау жалғасуда.

Бұл жұмыстар аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушіден тікелей сатып алуды электрондық алаң арқылы жүзеге асыру ұсынылуда. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.

Департамент жыл басынан бері кедергілер жөніндегі кеңестің 7 отырысын өткізіп, қаралған тақырыптар ішінде 3 мәселе оң шешімін тапты. Сонымен қатар, монополияға қарсы 9 комплаенс актісі тексеріліп, олардың заңнамаға сәйкестігі анықталды.

Жалпы, департамент қызметі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мониторинг, талдау, ұсыныстар мен нақты әрекеттер кәсіпкерлікті дамыту, тұтынушылар мүддесін қорғауға қызмет етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Қажет Андас

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.