Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ұлы ойшыл ұлықталды

3 сәуір 2025
РУХАНИЯТ
Ұлы ойшыл ұлықталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жалпы қара өлеңге бүйрегі бұрып тұратын жастардың қатары аз емес. Оларға жігер беріп, қолдау көрсетуге аға буынның ықпалы керек. Осы орайда Балпық би ауылында оқушылар арасында алғаш рет «Адамдық борышың» атты байқау өтті.

Көксу ауданында 7-9-сыныптар арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін жатқа оқудан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа аудан, ауылдардан 18 оқушы қатысты. Жас өрендер аудандық Мәдениет үйінде 2 кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезең ақынның өлеңдерін жатқа оқудан басталды. Екінші кезеңде жастар өлеңнің мағынасын ашуға тырысты.

– Өзім елімнің патриоты ретінде жастарға қолдау көрсетуге міндеттімін. Бұл жердегі басты мақсат – өлеңді жаттау емес. Шәкәрім бабамыздың қалдырған өсиетін келешек ұрпақтың санасына сіңіру. Көптеген жасқа ата-бабамыздың ұстанған жолын үйретсек дамыған мемлекетке айналамыз. Кішкентай істер үлкен жобалардың бастауы секілді, бүгінгі шара да ертеңгі үлкен жолашардың бастамасы. Осы қолға алып отырған Шәкәрім оқулары енді ауданымызда жылда дәстүрлі түрде өтетін болады, – дейді мүшәйра демеушісі Олжас Смағалиұлы.

Байқаудың басты мақсаты – Алаш зиялыларының бірегейі Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау. Жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыру.

3 сағатқа созылған байқауда қазылар алқасы бірауыздан Н. Алдабергенов атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Арафат Таңжарықұлын жеңімпаз деп жариялап, 150 мың теңгелік ақшалай сыйлықты табыс етті. 

Бұл шараға республикалық Шәкәрім оқуларының жеңімпазы, блогер Бағлан Ерғали бастамашы болып отыр. Сондай-ақ, кеште алаштанушы, ғалым Елдос Тоқтарбай да бой көрсетіп, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. 

Шалқар Ақсақал
ЖУ студенті
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30
Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05
Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.