Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда тарифтер 20-30%-ға өседі

7 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда тарифтер 20-30%-ға өседі

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

WhatsAppTelegramFacebook

2026 жылы Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері орта есеппен 20-30%-ға қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев Үкіметте өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Комитет басшысының айтуынша, тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу үшін ұлттық жоба аясында арнайы тежеу тетігі енгізілген. Бұл механизм мемлекеттік субсидиялар арқылы жүзеге асады.

– Инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған инвестициялар екінші деңгейлі банктер, «Бәйтерек» холдингі, Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ), сондай-ақ бюджет және халықаралық қаржы ұйымдарының несиелері арқылы қаржыландырылады. Ал негізгі қарыз бен пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігі тарифке қосылады, – деді Қосымбаев.

Оның айтуынша, тариф құрамына несие бойынша 10% сыйақы мөлшерлемесі ғана енгізіледі, ал қалған бөлігі республикалық бюджет есебінен субсидияланады.

– Үкімет тарифтердің шектен тыс өсуінің алдын алу мақсатында пайыздық мөлшерлеменің қалған бөлігін мемлекет есебінен өтейді. Осылайша тарифтердің орташа жылдық өсімі 20–30% шамасында болады, – деп нақтылады комитет төрағасы.

Бұған дейін Үкімет үйінде өткен брифингте жылу маусымына дайындық жұмыстары да сөз болды. Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев коммуналдық төлемдер қымбаттаған жағдайда әлеуметтік осал топтарға мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін атап өткен болатын.

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.