Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлт бойтұмары

Талдықорған қаласы Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясы ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай тағылымы терең мерекелік шара өткізді. Жиын әуелгіде мемлекеттік Әнұранмен ашылып, сахна төрін домбыраның қоңыр үні тербеді. Мектептің өнерлі оқушылары күй шертіп, әуезді әнмен көрермен көңілін баурады.

10 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Ұлт бойтұмары
WhatsAppTelegramFacebook

Д. Рақышев атындағы филармонияның әншісі Жомарт Тәкебаев Абайдың мәңгілік мұрасына айналған «Көзімнің қарасы» әнін орындаса, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бану Лахаева да өз әуенімен көрермен жүрегін тербетті.

Мерекелік сәттің бір бөлігі ретінде Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тағзым жасалды. Ал мектеп оқушылары хакімнің жырларын жатқа оқып, өлең өрнегімен жиынды жандандыра түсті.

Мектеп директорының орынбасары, іс-шара ұйымдастырушысы Қуат Ешпаев:

– Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпаққа оның даналығын насихаттаймыз. Ұстаздар ұлы ақынды ұлағаттаудан жалықпайды. Биылғы шараны челлендж түрінде бастап, Ломоносов атындағы №5 орта мектепке эстафета жолдадық, – деп атап өтті.
Рас, ұлы Абайдың сөзі ұлттың бойтұмары. Мектеп қабырғасында өткен бұл тағылымды жиын келешекке рухани азық, ұрпақ санасына өрнек болып қалар игі дәстүрдің айғағы.

Шара барысында сөз алған мектеп директоры Динара Татенова да Абайдың рухани мұрасына деген құрметін жүрек лүпілімен жеткізіп:

– Абайды сүю – өзімізді сүю, ұлттың рухын сүю. Біз мектеп болып қана емес, барша қазақ болып оның асыл сөзін санамызға сіңіріп, жүрегімізде тербетіп жүруіміз керек. Өйткені Абайдың әрбір өлеңі – ғасырлар бойы өлмейтін шырақ, – деді.

Ұлы хакімнің асыл сөзін ұлықтаған бұл күн күллі елдің мерейлі мерекесі. Себебі, Абайдың ойы мәңгілік, сөзі өлмес қазына. Бүгінгі ұрпақ сол қазынаны көздің қарашығындай сақтап, келер ғасырларға аманат етуге тиіс. Жүрегінде Абай оты маздаған ел ешқашан еңсесін түсірмейді.

 

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.