Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында аудандық мекемелер мен тұрғындардың қатысуымен Сарыбұлақ , Басши ауылдарында 850 түп ағаш отырғызылды.
– Атадан мал қалғанша, тал қалсын! Бұл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Хадисте «Бір адам бір ағаш отырғызса, амал дәптеріне отырғызылған ағашының жемісіндей сауап жазылады» делінген екен. Сондықтан мол сауапқа себеп болар келешек ұрпақты ағаш отырғызуға баулуды мақсат тұтайық! – дейді Басши ауылдық округінің әкімі Мұхит Сәрсенов.
Жаңару – табиғаттың мәңгілік заңдылығы. Бұл кезеңде қар еріп, күн жылынады, ағаштар бүр жарып, адамдар қыстан кейін жаңа өмір бастайды. Ағаш отырғызу мен табиғатты қорғау да жаңарудың символы. От жағу, жарықты мадақтау – күн мен жылылықтың келуін қарсы алу. Адамдардың бір-біріне жақсылық тілеп, реніштерін ұмытуы – бұл рухани жаңарудың белгісі.
Бір сөзбен айтқанда, Жаңару күні – тек табиғаттың ғана емес, адамның да жаңа бастамаларға қадам басатын уақыты. Сондай-ақ, бұл өткен жылмен қоштасып, жаңа мүмкіндіктерді қарсы алуға жол ашады. Сондықтан әркім оны өз өміріндегі оң өзгерістермен атап өтуге тырысады.
А. Ыбырай
Кербұлақ ауданы
Фото: otyrar.kz





