Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жастықтың оты жалындап

Елдің ертеңі, ұлттың болашағы жастардың қолында. Сондықтан да қай уақытта болмасын жастардың әрбір істе белсенді болуы маңызды. Игілікті істің қасынан табылып, бастамашы болар жастар жоқ емес, баршылық.

12 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жастықтың оты жалындап
WhatsAppTelegramFacebook

Соның бір дәлелі – күні кеше облыста жастардың белсенділігін арттыру, оларды кәсіпкерлікке, жұмыспен қамтуға және шығармашылық бағыттарға тарту мақсатында ұйымдастырылған «QOSYL FEST» жобасы өз жұмысын бастады. Жоба «Jetisy jastary» КММ-нің бастамасымен жүзеге асырылуда.

Сарқан қаласының орталық алаңында өткен фестиваль аясында кәсіптік бағдар мен танымдық кездесулер жоғары деңгейде өтті. Орталық алаңдағы шарада жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер, спорттық және интеллектуалдық ойындар, экологиялық бағыттағы «QOSYL: ЭкоQuiz» ойыны, ашық аспан астындағы концерттік бағдарламалар мен кино көрсетілді. Көңілді форматтағы тағамдық сәттер – Бауырсақ Party, Арбуз Party өткізілді.

Іс-шараға келген қонақтар алдымен «Жоңғар Алатауы» МҰТП-нің, Сарқан политехникалық колледжінің, №3 облыстық мектеп-интернатының шәкірттерінің өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдары, аудандық кітапхананың кітап көрмесімен танысып, Сарқан көпсалалы колледжі, аудандық балалар шығармашылық үйінің түлектері кескіндеген бейнелеу өнері көрмесін тамашалады. Келесі кезекте «Жастар» саябағында жас буын өкілдері аудан әкімінің орынбасары А. Байғонысов пен аудандық ардагерлер үйінің төрағасы Қ. Жанасбековке көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, еркін форматта әңгімелесті.

«QOSYL FEST» жобасының басты мақсаты – жастарға жан-жақ қолдау көрсету.

Фестиваль әрі қарай орталық алаңда Қ.Тастанбеков атындағы аудандық Мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Жақсылық ИГІМАН
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.