Талдықорған: +35°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жастар сыйлығы табысталды

Халықаралық жастар күні қарсаңында облыс орталығында көңіл төрін қуаныш кернеген салтанатты сәт орын алды. «JetFlow» онкүндігі шеңберінде облыс әкімінің дәстүрлі «Көшбасшы – 2025» жастар сыйлығы иелерін тапты. Бұл мәртебелі марапат ел ертеңіне дем беріп, өңірдің өрісін кеңейтіп жүрген өрелі жастардың еңбегіне берілген бағалы құрмет.

16.08.2025
КҮНДЕРЕК
Жастар сыйлығы табысталды
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы дода 12 түрлі аталымды қамтыды. Оның ішінде тұңғыш рет «Үздік жас жұмысшы маман» номинациясы енгізіліп, еңбек майданында тер төгіп жүрген жас мамандарға да жол ашылды. Жеңімпаздарды облыс әкімі атынан орынбасар Диас Есдәулетов құттықтап, жастық жігерін ел игілігіне арнаған азаматтарға ақ жол тіледі.

Сондай-ақ, белсенді шығармашыл жастардың қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған олардың қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн. теңгеден 10 грант қарастырылып, жеңімпаздар анықталды. Келіп түскен 108 өтінімнің арасынан оза шапқан он үздіктің арасында «Мал және балық шаруашылық бағытындағы «AquaFlishkz – сапалы өнім» жобасы бойынша Абылай Бекет, «Ветеринария саласы, сиыр мен қойды ұрықтандыру» жобасында Санжар Тілеужан грант иегері болды. Ал Өсімдік шаруашылығы бағытында «OŚIM Agro» экологиялық таза, аэропоникалық өнімдерінде Жантас Байболов жеңімпаз атанды. Сүт өнімдері, қолөнер және шағын өндіріс, агро және экотуризм бағытында да бірқатар жастар жобаның үздіктері деп танылды.

Салтанатты жиында өңірдің мәдени, рухани, әлеуметтік өркендеуіне із қалдырған жас тұлғалар көпшілікке таныстырылды. Мәселен, 500 келінді қамтыған «Жетісудың үздік келіні» жобасының авторы Арайлым Әлімжанова «Үздік жас қоғам белсендісі», талдықорғандық кондитер Жазиля Темірбекова «Үздік жас кәсіпкер» атағын иеленді.

Сондай-ақ, облыстық «Jetіsý» газетінің саясат және заң бөлімінің меңгерушісі Айдар Қалиев «Үздік жас журналист», ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы Әлихан Әскербай «Үздік жас спортшы» атанды. Ал «Х-фактор» жобасының финалисі, бірнеше халықаралық және республикалық өнер бәйгесінің жеңімпазы, облыстық филармония әншісі Ақбота Сабыржанова «Мәдениет саласының үздік жас көшбасшысы» болып танылды.

Тұңғыш рет тағайындалған «Үздік жас жұмысшы маман» атағына Ақсу қант зауытының төрт жылдан бері адал қызметкері Аруна Кенжеханова лайық деп табылды.
– Еңбегімнің еленуі – мен үшін үлкен мәртебе. Әр жұмысшының маңдай тері бағаланса, бұл – болашаққа сенім береді, – деді ол.
Ал Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының лор-дәрігері Темірлан Қылышбеков «Медицина саласының үздік жас көшбасшысы», Ақсу ауданындағы «Абубек» шаруа қожалығының басшысы, көпбалалы әке Елдос Әбубеков «Ауыл шаруашылығы саласының үздік жас көшбасшысы» атанды.

«Үздік студент» номинациясының иегері Анель Байділдә биыл үшінші курсқа аяқ баспақ. Ол академиялық ұтқырлық бағдарламасымен алты ай Малайзияда білімін жетілдіріп, халықаралық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы атанған.

Әр жеңімпазға арнайы статуэтка, диплом және сертификат табыс етілді. Бұл марапат бір ғана жекелеген еңбектің емес, тұтас бір ұрпақтың өршіл рухының айғағы. Осының дәлелі болған «Үздік жас журналист» Айдар Қалиев:

– «Jetіsý» газетінде он жылдан бері өңірдің тынысын жазып, елдің үні болуға тырыстым. Өлкенің өркендеуі жолында қаламымнан туған әр жол – менің азаматтық борышым, – деді.

Айта кетер жайт, бүгінде Жетісу облысында 14 пен 35 жас аралығында 200 мыңға жуық жас бар. Солардың ішінен 100-ден астам талапкер бақ сынап, үздіктері оза шапты.

Бұл игі дәстүр – жас буынның жігерін жандырып, отансүйгіштік рухын асқақтата түсетін қастерлі қадам. Өркениет өріне ұмтылған осындай өрелі ұрпақ – ел болашағының нұрлы кепілі.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

13.07.2026
Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай?

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай?

13.07.2026
Сарқанда «Су шашу» мерекесі өтті

Сарқанда «Су шашу» мерекесі өтті

13.07.2026
Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды

Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды

13.07.2026
ӘЧ-2026: Төрт саусақ бірдей емес

ӘЧ-2026: Төрт саусақ бірдей емес

13.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.