Талдықорған: +26°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Маңдай тердің жемісі

21.08.2025
КҮНДЕРЕК
Маңдай тердің жемісі
WhatsAppTelegramFacebook

Жазиралы Жаркент өңіріндегі Қоңырөлең ауылының тумасы Дәулетхан Қожахметов саналы ғұмырында маңдай терін моншақтата еңбек еткен абыройлы азаматтардың бірі. Дәулетхан 1955 жылдың 27 тамызында жарық дүние есігін ашыпты. Қарап тұрсақ, содан бері де 70 дейтін желкенді жылдар атқан оқтай, шапқан аттай зыр етіп өте шығыпты-ау! Бүгінде осынау биік белеске көтерілген қазыналы қария кезінде әулетінің басынан өткен қиын тағдыр жайында тебірене әңгімелейді.

Әкесі Ыбырайымға Кеңес өкіметінің солақай саясатынан туындаған алапат аштықтан қашып 1930-шы жылдары Қытай асуға тура келген. Ол жақта да небір ауыртпалықты бастан өткере жүріп, ел қатарлы тірлік кешеді. Әйтсе де туып-өскен, кір жуып, кіндік кескен туған жер есінен шықпай ел жаққа алаңдаумен болады. Содан кейін де алғашқы мүмкіндік туысымен ойланып-толғанып жатпастан бірден шешім қабылдап, қазақ топырағына қайта оралады. Бұл 1958 жылдың жүзі болатын. Аңсап жүрген атамекеніне қайта оралу мүмкіндігін сыйлаған Жаратқанға шүкірлік айтқан Ыбырайым ағамыз жоғарыда сөз болған Қоңырөлең ауылындағы «Октябрь» қой кеңшарында өмір бойы мал бағады.

Ол кісінің маңдайына жазылған қоңыртөбел тағдырына шүкіршілік айтатындай жөні бар екен. Олай дейтініміз, оның алдындағы әкелері мен аталарына мұндай тірлік те бұйырмаған. Нақтырақ айтсақ, әкесі, яғни Дәукеңнің атасы Қожахмет зұлмат жылдарында жаптым жала, жақтым күйемен «халық жауы» атанып, Жаркент түрмесінде атылып кетіпті. Иә, түкке тұрмайтын айыппен жер түбіне айдалып, қиырдағы жапон мен германның шпионы атанып жазықсыз жазаланған қаншама қандасымыз осылайша құрбан болып кетті десеңізші!..

Міне, осындай қиын тағдырлы Қожахметовтер әулеті солақай саясаттың ауыр зардабын шеге жүріп, елге оралды. Күш-қайратын аямай жан сала еткен еңбегінің арқасында Жаркент өңіріне танымал азаматтарға айналды.

Ыбырайым атаның үшінші ұлы Дәулетхан Қоңырөлеңдегі орта мектепті жақсы бітіріп, 1975-1977 жылдары Ақтөбе қаласында әскери борышын өтейді. Ауылға келген соң әкесінің ақ таяғын қолға алып, мал бағуға кіріседі. Алғашында кеңшардың ірі қара малын бағып-қағумен айналысады. Кейіннен Кеңес өкіметі тарағанша сол шаруашылықтың жылқысын бағып, көптеген жетістікке қол жеткізеді.

Еңбегі ақталып, 1979 жылы үлкен марапатқа ие болды. Сол кездегі облыс басшылары жылқы санын өсіруге қосқан үлесі үшін Дәукеңе «Жигули» автокөлігін сыйға тартқан екен. Одан бөлек, ауыл шаруашылығына сіңірген еңбегі үшін облыс, аудан басшылары тарапынан әлденеше рет Мақтау қағаздарымен, төсбелгілермен марапатталады.

Сайын далада жылқы баға жүріп желмен жарысатындай жүйрік баптамау, білек күшін, азамат мысын танытатын көкпармен айналыспау мүмкін де емес шығар-ау. Дәулетхан Ыбырайымұлы да бұл істен шет қалмай ұлттық ат спорты ойындарына белсене араласты. Жаркент өңіріне танымал көкпаршы атанып, жүйрік баптап, бәйгеге қосты. Осылайша құраулап жылқы айдап, желіге құлын байлады, ырысы мен берекесі артып, табысы да қаулады. Бұл ісін бүгінде ұрпақтары жемісті жалғастырып келеді.

Ер жігіттің айналасына сыйлы азамат атанып, жұртшылық арасында абырой-беделінің артуы көп ретте жан жарына – өмірлік серігіне байланысты. Мұндай әңгіме қозғалғанда аталарымыздың «Жарың жақсы болса шын бақыт» деген даналық тұжырымы ойға оралады. Осындай бірегей бақытқа ие болған Дәукең 1978 жылы Кербұлақ ауданындағы бұрынғы Амангелді, қазіргі Қоянкөз ауылының қызы Қашағанова Айнагүлмен шаңырақ көтерді. Екеуі сол кезден бері түлік төресін көбейту мақсатында бірлесе еңбек етіп, жоғарыда айтқанымыздай, көптеген биікті бағындырды.

Адам ұрпағымен мың жасап, немере-шөбересімен көгеріп-көктейді емес пе? Сол айтқандай Дәукең мен Айнагүл де осынау жарты ғасырға жуық уақыт ішінде төрт ұл, бір қызды дүниеге әкеліп, ұлдарын ұяға, қызын қияға қондырды. Бүгінде ұрпағының қызығын көріп отырған бақытты ата мен әже.
Қазақта «Би болмасаң да би түсетін үй бол» деген тәлімді тәмсіл бар. Жарасымды жұп бұл тұжырымды да көңілдеріне нық түйген. Соған орай табалдырықтан аттаған қай қонаққа да табағымен қатар ашық-жарқын қабағын да ұсынып, дәйім қазақы қонақжайлығын танытады. Содан кейін де малды ауылға келген аудан, облыс басшылары Дәукең мен Айнагүлдің үйіне ат басын бұрып тұруды кезінде әдетке айналдырыпты.
Жарың жақсы болса егер,
Қонақ келсе үйіңе,
Қоңыр қаздай байпаңдар.
Жатқа сырын алдырмай,
Жарқын жүзбен жай таңдар, – деп бір кезде Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев жырлаған екен. Жырдың қара жорғасы атанған төкпе ақын бұл өлеңін айтқанда нақ осы Дәулетхандай елге танымал жылқышы мен Айнагүлдей қонақжай, ақжарқын отанасын назарға алып тебіренген болар.
Бұл жерде біз ақын өлеңін бекер мысалға келтіріп отырған жоқпыз. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» демекші, Дәулетхан мырзаның осыдан 18 жыл бұрын Үмбетәлі әулетімен туған құда болып, содан бергі уақытта тығыз араласып жатқан жәйі бар. Дәукеңнің ұлы Мұхит белгілі айтыскер ақын, танымал суретші Әуелбек Ысқақовтың қызы Мәдинаны алып құда болды. Әуелбек болса Үмбекеңнің туған жиен немересі. Екі құданың сыйластығы да ел қызығарлықтай.

Дәулетхан Ыбырайымұлы жылқы малын өсірудегі жетістіктеріне демеу болған сол кездегі кеңшар басшылары Сүлеймен Көшкінов пен бас зоотехник Тоқтарбай Керімбаевты, өзінің туған ағасы зоотехник Мәулетхан Қожахметовты құрметпен атайды. Ағасы Мәулетханның білікті мал маманы ғана емес, Жаркент өңіріне танымал ақын, бірнеше ән шығарған әуесқой композитор екенін де жұртшылық жақсы біледі.

Кеңес өкіметі тарап, тәуелсіздікке жаңа қол жеткен заманда Дәулетхан Ыбырайымұлы ендігі өмірін де мал өсіруге арнап жеке шаруашылық құрды. Алғашында біраз қиындық туғанымен кейіннен еңбегі ақталып, өрісіне отар-отар қой, үйір-үйір жылқы бітіп, өзге жұртқа да шапағаты тиетіндей азаматқа айналды. Бұл күнде өзінің отбасынан бөлек, басқа адамдарға да жұмыс тауып беріп жүрген жайы бар.

«Ат тұяғын тай басар» дегендей, асқар таудай әкенің жылқышылық кәсібін үлкен ұлы Еркебұлан мен келіні жалғастырып жүр. Дәукеңнің өзі де бас-көз болып малды ауылды жиі аралап тұрады. Екінші ұлы Мұхит пен Мәдина Жамбыл ауданының Үмбетәлі ауылында еңбек етіп, немерелерін өсіріп жатыр. Айдын мен келіні Қарлығаш та заман талабына сай Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында тұрып еңбек етуде.

Қара шаңырақ иесі Айдос әкесі мен ағасына көмек берумен қатар ұлттық ат спорты ойындарына да белсене араласады. Оның Жаркент өңіріне танымал көкпаршы атанғаны да әке жолын жалғастырғанының айқын айғағы. Кіші қызы Ақерке мен күйеу баласы Дәурен жеке жұмыс орнын ашып, саудасын қыздырып жүрген жандар. Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында тұрады.

Кейіпкеріміз Дәулетхан мен асыл жары Айнагүл осы ұл-қыздардан тараған немерелерінің тілеуін тілеп, ақыл-өнегесін айтып жүрген аяулы жандар.
Сөз соңында Дәукеңе ақ тілек ретінде құдасы Үмбетәлі ақынның «Ер болсаң ем бол, ел сүйенер бел бол» деген баталы сөзін арнағымыз келеді.
Иә, осы бір қос жолдан тұратын нақыл Дәукеңнің дәл өзіне арналып айтылғандай. Өзінің адал еңбегімен ел сүйенер бел ретінде шағын шаруа қожалығына басшы, көпке үлгі болып жүрген қазыналы жанға ғибратқа толы ұзақ ғұмыр тілейміз.

Нүсіпбай ДОДАБАЙҰЛЫ,
ардагер журналист

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.