Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

Адам құқын асқақтатқан

30.08.2025
МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Адам құқын асқақтатқан

bureau.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің тәуелсіздік жағдайындағы дамуында екі рет Конституция қабылданды. Алғашқысы 1993 жылы Парламентпен қабылданған, екіншісі, 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция. Қазір қолданыстағы екінші Конституциямызға осы күнге дейін алты рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Дамыған елдер мен біздің Конституциямызды салыстыратын болсақ, Ата Заңымыздың мазмұны да, сапасы да заман талабына сай. Адамның Конституциялық құқықтары мен бостандықтары және міндеттері толық қамтылған. Адам құқықтары жөніндегі декларация да бекітілген нормалардың барлығына сәйкес келеді. Конституциялық құқықтары мен бостандықтары міндетті түрде Конституцияда бекітілу қажет деген талап жоқ. Конституциялық құқықтарымыз ол Конституциялық заңдарда, заң актілерінде де бекітіледі. Ғалымдар Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың және міндеттерінің саны 70-тен астам дейді. Біздің Ата Заңымызда оның 30-дан астамы қамтылған.

Жалпы кез келген заңның абыройы іске асумен тікелей байланысты. Шыны керек, біз Конституцияны құжат ретінде қабылдап келдік. Өйткені көп нормалар бекітілгенімен олардың іске асу механизмі тек Парламенттің қабылдайтын заңдарында ғана көрсетілді. Бұл жеткіліксіз. Себебі, Конституциямен тікелей азаматтар байланысы болмады. 2022 жылғы реформаның негізінде Конституциялық Сот институты қайта қалпына келтірілді. Сөйтіп Конституциялық сотқа қарапайым халық өздерінің талап-арыздарын жолдай алады. Бүгінгі таңда шешімін таппай тұрған түйткілді халықпен ақылдасып, келісімін тауып істеудеміз. Яғни Конституция кез келген дауға шешім айтар кезде басшылыққа алатын құжатқа айналып отыр. Бұл өте дұрыс. Конституциялық Сот тәжірибесін ары қарай дамыта беруіміз керек. Бұл құқықтық мемлекет құруда мәдениетімізді, санамызды дамытуға негізгі рөл атқарады.

Конституция – негізгі заң. Қоғамда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлығына ортақ, әділетті ереже болу керек. 2022 жылы Конституцияның 33-бабына 54 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның нәтижесінде 7 Конституциялық заң, 15 кодекс, 29 заң толықтырылды. Соның ішінде 2 мекеменің мәртебесі Конституциялық заңмен бекітілді. Адам құқықтары уәкіл институты, Конституциялық Сот туралы заң жобасын 19 ғалым 27 күннің ішінде әзірледік. Бұған мен де қатыстым.

Әлемде Конституцияның дамуы 3 бағытта өрістеуде. Оның біріншісі – адам құқықтары. Оған дәлел негізгі Заңның 1-бабында «Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат құндылық болып табылады» деп көрсетілген. Екінші бағыт – билікті орталықсыздандыру процесі. Елде осы бағытта көп жұмыс жүргізілуде. Бұрын облыс әкімдерін Президент тағайындап, басқа әкім сайлайтын. Қазір тек алып тастайды. Бірақ тағайындайтын кезінде екіден кем емес кандидаттарды ұсынып, оны жергілікті мәслихат депутаттары дауыс беру арқылы анықтайды. Үшінші бағыт – жергілікті демократия бағыты. Аудан, ауыл әкімдері тек халықтың таңдауы арқылы тағайындалады.

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты.

Қазыбек ДАУТАЛИЕВ,
Президент жанындағы Ұлттық
құрылтайдың мүшесі, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дiң аға оқытушысы, заң ғылымының кандидаты

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.