Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«Моральдық зиян – тек сезім емес, заңмен қорғалатын құқық»: Судьямен ашық сұхбат

27 наурыз 2025
САЯСАТ
«Моральдық зиян – тек сезім емес, заңмен қорғалатын құқық»: Судьямен ашық сұхбат
WhatsAppTelegramFacebook

Редакциямызға келіп түскен оқырман хаттарынан байқағанымыз – моральдық зиян мәселесі көпшілікті алаңдатып отыр. Осы тақырыпты тереңірек ашу үшін біз Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының судьясы Б.Тұрысовпен сұхбаттасып, мәселенің түпкі мән-маңызына үңіліп көрдік.

 

– Моральдық зиян деген ұғымды қарапайым тілмен қалай түсіндіруге болады?

– Бұл адамның жан күйзелісі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келуі, бостандығы немесе денсаулығына байланысты рухани азап шегуі. Көп жағдайда ол материалдық түрде көрінбейді, бірақ адамның психологиялық күйіне, өмір сапасына едәуір әсер етеді.

 

– Қандай жағдайларда моральдық зиянды өтеу туралы сотқа шағымдануға болады?

– Мысал келтірсем: жұмыстан заңсыз шығару, жалған ақпарат тарату, әділетсіз жаза қолдану, жалақыны кешіктіру секілді әрекеттер – бәрі моральдық зиянға жатады. Ең бастысы – бұл әрекеттер адамның заңмен қорғалған құқықтарына нұқсан келтіруі керек.

 

– Азамат сотқа қандай дәлелдермен жүгінуі тиіс?

– Дәлелдер әртүрлі болуы мүмкін: куәлардың айғақтары, психолог немесе дәрігердің қорытындысы, ұйым ішіндегі жазбаша шағымдар мен жауаптар. Яғни, жәбірленуші өз жан азабын нақты құжаттармен немесе куәлікпен растауы тиіс.

 

– Сот өтемақы сомасын қалай анықтайды?

– Бұл – өте күрделі процесс. Біз адамның тартқан жан немесе тән азабының деңгейін, моральдық құқықтарының маңыздылығын, зиян келтірушінің кінәсінің сипатын және материалдық жағдайын ескереміз. Ең басты қағидалар – әділдік пен ақылға қонымдылық.

 

– Өтемақы сомасы нақты белгілене ме?

– Жоқ, моральдық зиян үшін нақты бекітілген сома жоқ. Әр іс жеке қаралады. ҚР Азаматтық кодексінің 952-бабына сәйкес, моральдық зиян тек ақшалай өтеледі. Талапкер өз талабын нақты сомамен көрсетеді, ал сот оны орынды деп тапса – қанағаттандырады.

 

– Қорытындылап айтсақ, азаматтар қандай жағдайда әрекет етуі керек?

– Егер адам өз құқықтарының бұзылғанын сезсе, үнсіз қалмасын. Заң – азаматтың жағында. Ең бастысы – өз құқығыңды білу және оны қорғаудан қорықпау.

 

– Ашық әрі маңызды ақпаратпен бөліскеніңіз үшін рахмет!

– Рақмет, құқықтық сауатты арттырып, әділеттілік үшін бірге жұмыс істейік.

 

Фото: astana.sud.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Ипотеканы бастапқы жарнасыз рәсімдеу ұсынылды

Ипотеканы бастапқы жарнасыз рәсімдеу ұсынылды

Бүгін, 10:17
Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін қолдаған президенттер

Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін қолдаған президенттер

Бүгін, 10:08
Жетісуда табиғат қорғау рейді тікұшақпен жүргізілді

Жетісуда табиғат қорғау рейді тікұшақпен жүргізілді

Бүгін, 09:57
Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.