Орал қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында плей-офф ойыны өтті.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Жайық арена» спорт кешенінде «Жетісу» мен «Павлодар» ең мықтыны анықтады.
Сергей Грибов жаттықтыратын павлодарлықтар «Таразды» 3:1 есебімен жеңген болатын. Ал «Жетісуды» жеңген жағдайда «Павлодар» жартылай финалға шығатын еді.
Бірінші партияда Максим Мищенко доп берген сәттерде «Павлодар» алға кеткенімен, сол басымдылықты сақтап тұра алмады — 26:28.
Қалған екі сетте Марат Адрышевтің шәкірттері есесін жібермеді — 25:20, 25:16. Қорытынды есеп — 3:0.
Фото: Қазақстан волейбол федерациясы





