Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

10 қыркүйек 2025
КҮЛТӨБЕ
Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

WhatsAppTelegramFacebook

Астанада, Алматыда және Қазақстанның 16 облысында 10 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, солтүстік аймақтарда бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с жетпек. Шығыста жоғары өрт қаупі, ал оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай ойнап, желдің күші 15 м/с-қа дейін барады.

Жетісу облысының таулы аудандарында күн райы бұзылып, найзағай ойнайды.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде аздап нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады. Шығысында тұман түспек. Солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі аймақтың солтүстігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Өрт қаупі төтенше деңгейде. Қызылордада шаңды дауыл тұрады, жел екпіні 16 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түспек.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Түнде таулы өңірлерде, күндіз облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде. Таразда да жағдай осылай сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында түнде аздап нөсер жауады. Күндіз оңтүстігінде найзағай ойнап, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда жел 15-20 м/с-қа жетеді. Алматыда түнде және таңертең найзағай ойнап, жел екпіні 15 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғады. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары деңгейде сақталады. Қостанайда кей уақытта нөсер жауып, найзағай ойнайды.

Астанада 10 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетпек. Өрт қаупі төтенше деңгейде. Ақтауда да өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында күндіз солтүстіктен жел соғып, жылдамдығы 15-18 м/с болады. Батысы мен орталығында өрт қаупі жоғары, шығысында төтенше деңгейде.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда да осындай жағдай жалғасады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі облыстың батысында төтенше, ал оңтүстігі мен шығысында жоғары деңгейде. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде күндіз шаңды дауыл тұрып, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде. Шымкент пен Түркістанда да осындай жағдай сақталады.

Ақмола облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында нөсер жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Облыстың кей бөліктерінде өрт қаупі жоғары. Көкшетауда да найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрып, тұман түседі.

Павлодар облысының батысында түнде, ал күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында нөсер жауып, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түспек. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Петропавлда да найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл тұрады.

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.