Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар тоғыз күн демалады.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланған еді.
Республика күні 1995 жылдың қазан айында ұлттық мереке ретінде бекітілді, алайда 2009 жылдан бастап аталып өтпей қалды. 2022 жылдың қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес, 25 қазан қайтадан ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 1 маусым – Балаларды қорғау күніне қосымша демалыс енгізу туралы ұсыныс қарастырылып жатқанын жазған едік. Бұл бастаманы еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі қолдады, бірақ түпкілікті шешімді Үкімет әлі қабылдаған жоқ.





