Жетісу облысында болған жантүршігерлік жол апатында қаза тапқандардың барлығы бір-біріне туыс болған.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы мәліметке сәйкес, Nissan Cefiro көлігін 18 жастағы жас жігіт басқарған. Оның жүргізуші куәлігі болмаған. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, ол көлікті рұқсатсыз мініп, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан Lada ВАЗ бен Chevrolet Cobalt көліктеріне соқтығысып, оқиға орнында 10 адам қаза тапты.
Алдын ала деректер бойынша, қаза тапқан он адамның барлығы бір отбасының мүшелері. Олар тойдан қайтып келе жатқанда апатқа ұшыраған.





