Биыл ауданда жалпы 500 гектардан аса алқапқа көкөніс түрі, 200 гектардан аса жерге бақша дақылдары өсірілді.
Аудан бойынша егіс көлемі жағынан Үлкеншыған мен Атамекен ауылдық округтерінің шаруалары алда тұр. Биыл өсірілген көкөністерді қыс маусымында сақтау шаралары да ұйымшылдықпен атқарылып, арнайы жасалған қоймалар әзірленді.
Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде тек жүгері өсіруге бейім жаркенттік диқандар енді бақша өнімдерінің егіс көлемін арттыруға ден қойды.
Биыл Үлкеншыған округінде 62, Пенжім ауылында 24, Коктал округінде 19 гектарға бақша салынып, диқандар жерлестерін жергілікті қауын, қарбызбен қамтамасыз етуде. Осылайша Жаркентте көкөніс, бақша өсірушілер көбейіп, өнімдерді молайтуда. Ауылдықтар өсірген қырыққабат, сәбіз, қызанақ, пияз, тағы басқаларынан да алынған өнім көңіл көншітеді. Жүзім мен жаңғақ дәні де уақытылы жиналды. Бақтар мен асханалық қызылша алқаптарынан да жақсы түсім бар.
Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы





