Талдықорған: -7°C
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда Ұлттық киімдер күніне орай этнодефиле, көрмелер, отбасылық конкурстар, бейнечеллендж өткізілді

19.03.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда Ұлттық киімдер күніне орай этнодефиле, көрмелер, отбасылық конкурстар, бейнечеллендж өткізілді
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлттық киімдер күніне арналған Наурызнаманың бесінші күнінде облыс аумағында этнодефиле, көрмелер, отбасылық конкурстар, мекеме-ұйым ұжымдарының бейнероликтер челленджі ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, Талдықорған қаласының орталық алаңында этнодефиле өткізіліп, онда қыз-жігіттер түрлі этностардың ұлттық киімдерін киіп шықты. Мереке бұдан әрі «Наурыз Аруы — 2025» байқауының финалымен жалғасты. Осыған дейін байқаудың іріктеу туры Өтенай ауылдық мәдениет үйінде өткен болатын. Іріктеуден өткен он ару көркіне ақылы сай екенін таныту үшін көрермендер алдында өзінің бар өнерін паш етіп, сахнада қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап берді. Байқау қорытындысында бас жүлдеге Талдықорғандағы Б.Сырттанов атындағы №25 орта мектептің 11 сынып оқушысы Еркежан Серікхан ие болды.

— Бүгін немерем Еркежанның өнерін тамашалап, жанкүйер болуға Алакөл ауданы, Көлбай ауылынан арнайы келдім. Немеремнің жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Қыздардың бәрі де лайықты өнер көрсетті. Байқау маған қатты ұнады. Бұл тек қана сұлулық байқауы емес, сонымен қатар ұлттық мұрамызға, ұлттық тәрбиеге үлкен мән беріп, жастардың рухани дамуына ықпал ететін шара болды. Барша жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтаймын, — деді Жаңылқан Сүлейменова.

Атап өтсек, осы күні Талдықорғандағы Салтанат сарайында «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» көрмесі, сондай-ақ Көркемсурет галереясында «Қызай өрнек» тақырыбында көрме-фестиваль өткізілді. Көрме-фестивальда «Қызай қалпақ», «Қызай кимешек», «Қызай тақия», «Қызай түскиіз бен шымылдық», «Қызай ер мен ат әбзелдері», «Қыз жасауы», басқа да тұрмыстық бұйымдардың, Қызай анаға қатысты баспадан шыққан шежіре, тарихи, ғылыми еңбектердің таныстырылымы болды.

Сол сияқты Қаратал ауданының Үштөбе қаласында «Ұлттық киімдегі отбасы» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 44 отбасы қатысты. Олар қазақ халқының күнделікті киімдерімен қатар, түрлі қуаныштарда киетін мерекелік киімдерін, қазақы оюлар мен әшекейледі де дәріптеді. Байқауда Жұмаділ, Ерғосаевтар, Захан, Сұрабалдиновтар, Долашовтар, Рысқазы, Ашықбаевтар және Апасхановтар отбасылары жеңімпаз атанып, диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

— Отбасымызбен қазақи киім киіп, мерекеге арнайы дайындалып келдік. Мақсатымыз — қазақтың салт-дәстүрін жаңғырту. Наурыз аясында ұлттық киімдерге ерекше көңіл бөліне бастағаны қуантады. Осы арқылы біз ұлттың мұрамызды ұлықтап қана қоймай, жастарға үлгі көрсетеміз. Өйткені ұлттық киім – халықтың айнасы, — Қаратал ауданының тұрғыны Нағашыбай Біләлұлы.

Сол сияқты Көксу ауданында іскер әйелдердің қоғамдағы рөлін, олардың кәсіпкерлік және еңбек саласындағы жетістіктерін атап өту мақсатында «Жұмысшы мамандықтары жылына» арналған «Әйел және еңбек мерейі» атты іскерлік әйелдер форумы өтті. Іс-шара «Адал Азамат — Адал еңбек — Адал табыс» атты көрмемен басталып, онда іскер әйелдер өз қолымен тіккен ұлттық киімдері мен өз қолымен дайындаған ұлттық тағамдарын, ағаштан, былғарыдан жасалған қолөнер бұйымдарын, ұлттық киімдер бейнеленген картиналарды көрермендер назарына ұсынды.

Осы күні ұлттық киімдерді дәріптеуге арналған іс-шаралар облыстың барлық аудан-қалаларында кеңінен ұйымдастырылды.

Cуретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

17.03.2026
Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

17.03.2026
Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

17.03.2026
Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

17.03.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.