Талдықорған: +14°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Болашаққа жол ашатын кәсіп

23.09.2025
ӘЛЕУМЕТ
Болашаққа жол ашатын кәсіп

Суретті түсірген Жеңіс ЫСҚАБАЙ

WhatsAppTelegramFacebook

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде баспасөз туры өтті. Шара барысында бүгінде жұмысшы мамандығы – тек тұрақтылық қана емес, жаңа мүмкіндіктер көкжиегі екендігі айқын көрінді. Колледж студенттері сапалы білім алып, заманауи технологияларды игеріп, алғашқы қадамдарынан-ақ болашаққа сенімді қадам жасауда.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі 90 жылдық тарихы бар оқу орны. Осы уақыт ішінде талай буын мамандар тәрбиеленіп, нағыз «кадрлар фабрикасына» айналды.

Бүгінде оқу орны еліміздегі үздік 10 колледждің қатарына еніп, 11 заманауи мамандық бойынша кадр даярлайды. Мұнда IT мамандар, дизайнерлер, радиотехниктер, құрылысшылар, аппарат операторлары, тіпті, мехатроника саласының мамандары білім алуда.

Колледж директоры Шыңғыс Нұрғожаев: «Біздің мақсаты- мыз – жай ғана диплом беру емес, ертеңгі күні студенттің еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда түлектеріміздің 95%-ы бірінші жылы-ақ жұмысқа орналасады. Бұл – біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың айға- ғы», – дейді.

Әрбір студент колледжге өзіндік арманмен келеді. Олардың әрқайсысының тарихы жұмысшы мамандығының табысқа апарар жол екендігін дәлелдейді.
Қызыл диплом иегері Әмір Баисов: «Алдымен географ болуды армандадым. Бірақ ол үшін басқа қалаға көшу қажет еді. Отбасымның қасында болу үшін осы оқу орнын таңдадым. Қазір еш өкінбеймін. Колледж «Сенім жобалау» компаниясына тәжірибеге жіберді. Мұнда ұжым мені жылы қабылдады», – дейді.

«Сенім жобалау» ЖШС директоры Мөлдір Әбішеваның айтуынша, Әмір алғашқы күннен-ақ кәсібіне қызығушылығын, білімін көрсеткен. Ол колледждің сапалы дайындық беретінін дәлелдеді, дейді.

Ал 2-курс студенті, «Қазақтелекомда» тәжірибеден өтіп жүрген Әлижан Төлеген өзінің әңгімесін былай өрбітті:

– Әу бастан электроникаға қызықтым. Әкем радионы көрсеткенде таңғалдым. Кейін «Қазақтелеком» қызметкерін көріп, осы жолды таңдадым. Қазір 17 жастамын, тәжірибеде жүрмін. Нағыз іс атқарып, болашақта осы саламен өмірімді байланыстырғым келеді.

Сарқан ауданынан арнайы оқуға келген Нұрбол Ақыбай да мамандығын мақтан етеді.

– Политехке түскім келді. Ата- анам қуанып, қолдады. Қазір тәжірибеде өзімді сенімді сезінемін. Дұрыс таңдау жасағаныма көзім жетті, – дейді ол.

Колледж түлегі Тұмар Сұлтанова: «Өзім осы жолдан өттім. Қазір студенттерге білім беру – мен үшін абырой. Жұмысшы мамандығы – үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын айтқым келеді», – дейді.

Колледж студенттері түрлі чемпионатта жетістікке жетіп жүр. Соның бірі – «Графикалық дизайн» мамандығында оқитын Зере Шәкен. Ол биылғы WorldSkills Zhetysu-2025 чемпионатында I орын иеленіп, республикалық байқауда күміс жүлдегер атанды. Қазір халықаралық Turkskills чемпионатына дайындалуда. Оның тәлімгері Айгерім Бауыржанова:

– Зере еңбек пен таланттың нәтижесін көрсетті. Бүгінгі жұмысшы мамандық – тек құрал-сайман емес, креативті индустриялар мен цифрлық шығармашылық екенін дәлелдеді, – дейді.

Бүгінде колледж 100-ден астам кәсіпорынмен тығыз байланыста. «Қазақтелеком», «ТАЭТК», «GO Print», «Сенім жобалау», «Қазпош-та» – олардың негізгі серіктестері. Әрқайсысы студенттердің тәжірибесіне, болашақ маман болып қалыптасуына үлес қосып келеді.

Еңбек министрлігінің дерегінше, Жетісу өңіріндегі бос жұмыс орындарының жартысына жуығы жұмысшы мамандықтарға тиесілі. Әсіресе құрылыс, IT, энергетика және телекоммуникация салаларында маман тапшы.

2024 жылы елімізде 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, оның үштен бірі техникалық салаға тиесілі болды. Колледждер – осы салалардың негізгі кадр жеткізушісі.

– Жұмысшы мамандықтар қайтадан беделге ие болуда. Жастар мұны болашағына бастар жол ретінде қабылдап отыр. Көптеген түлектер оқуын жалғастырып, бизнес ашып, стартаптар құруда, – дейді колледж директоры Шыңғыс Болатұлы.

Пресс-тур көрсеткендей, Талдықорған политехникалық колледжі – тек оқу орны емес, жаңа Қазақстан мамандары қалыптасатын орталық. Бүгінгі таңда жұмысшы мамандық – абыройлы кәсіп, ал оның иелері – елге қажет мамандар. «Жұмысшы мамандықтар жылы» айқын дәлелдегендей – еліміздің болашағы еңбектен қорықпайтын жас мамандардың қолында.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026
Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

12.04.2026
Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.