Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әскерге шақырылушылар онлайн өтініш беріп, әскери бөлімді таңдай алады

24 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Әскерге шақырылушылар онлайн өтініш беріп, әскери бөлімді таңдай алады

el.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушыларға арналған жаңа MyArmy.kz порталын іске қосты. Бұған дейін тек әскери комиссариат арқылы жүзеге асатын көптеген қызмет енді онлайн форматта қолжетімді болады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Азаматтар портал арқылы мерзімді немесе келісімшарттық қызметке өтініш бере алады, жиі қойылатын сұрақтармен танысады, жаңалықтар мен материалдарға қол жеткізеді және кері байланыс формаларын пайдалана алады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, портал рәсімдерді жеңілдетуге және шақыру комиссиялары жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған. Құжаттарды рәсімдеу онлайн форматқа ауыстырылып, бюрократияны азайтуға және адами фактордың ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді.

Өтінішті қарау кезеңдері:

  • «Құрылды» – өтініш жергілікті әскери басқару органына қабылданып, тексеру жүргізіліп жатыр;

  • «Өңделіп жатыр» – үміткер медициналық комиссиядан өту үшін әскери комиссариатқа шақырылады, қажетті талдамалар мен анықтамалардың тізімі ұсынылады;

  • «Мақұлданды» немесе «Қабылданбады» – медициналық тексеруден және жеке қасиеттерін бағалаудан кейінгі соңғы шешім.

Жаңа жүйе SARBAZ+ пилоттық жобасы аясында іске қосылды. Қазіргі уақытта ол Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде сынақтан өтуде, ал кандидаттарды іріктеу Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жүргізіліп жатыр. Жоба сынақтан сәтті өтсе, қарулы күштердің басқа бөлімдерінде де енгізілмек.

Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz порталы әскерге шақырылушылардың әлеуметтік және білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, әскери қызметтің беделін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Жақын болашақта портал әскерге шақырылушыларға қолжетімді, түсінікті және ыңғайлы заманауи цифрлық құралға айналмақ.

Сонымен қатар жаңа жүйе азаматтарға өз мамандығы мен дағдыларына сәйкес әскери бөлімді таңдау мүмкіндігін береді.

Қатысты жаңалықтар

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30
Елімізде 160 тоннаға арналған қосымша бактар әшкереленді

Елімізде 160 тоннаға арналған қосымша бактар әшкереленді

Бүгін, 11:05
Отбасының цифрлық картасы азаматтардың әл-ауқатын қалай бағалайды?

Отбасының цифрлық картасы азаматтардың әл-ауқатын қалай бағалайды?

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.