Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Келін ғана емес, күйеу де сәлем салған – этнограф

18.03.2025
ҰЛТ ҰЯТЫ
Келін ғана емес, күйеу де сәлем салған – этнограф
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен аптада Orda News YouTube арнасына Гүлнәр Бажкенованың подкасты шықты. Ол подкастқа белгілі продюсер Баян Алагөзова, феминист Гүлзада Сержан, актриса және блогер Дарья Александрова, сондай-ақ саясаттанушы Толғанай Үмбеталиева қатысқан. Қоғам белсенділері көптеген маңызды тақырыптарды талқылағанда Баян Мақсатқызының айтқан сөзі Қазнетті шулатты, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол өз сөзінде туып-өскен жерінде қыз балалар еркін өсетінін ерекше қозғап өтті.

«Маған ешқашан да ер адамға бас ию дегенді үйреткен емес. Алматыға барғанымда Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болды. «Не үшін иілесің?» десем, «Бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек» дейді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін, атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген», – дейді Баян Алагөзова.

 

Осы орайда журналист Ақгүл Айдарбектің YouTube арнасына этнограф Болат Бопайұлының да сұхбаты шықты. Этнограф қазақтың салт-дәстүріне, білім-ғылымға қатысты тұщымды ойларын айта келе «сәлем салу» дәстүріне қатысты да пікірін білдірген.

Оның сөзінше, құлшылық пен ізетті шатастыратындар да бар көрінеді.

 

«Бұл жерде екі нәрсе бар, біреуі сәлем салуды кейінгі кезде діннің кейбір өкілдері «Аллаға ғана сәлем салу керек, бас иію керек, адамға сәлем салу күпірлік, болмаса Аллаға серік қосқандық» дегенді де естідік. Ол дұрыс емес! Оның бірі – құлшылық, екіншісі – ізет. Үлкенге ізет. Сәлем салу деген төрт ата-ананы айтады, өзінің ата-енесі, қайын жұрттың ата-анасы, нашағы жұрттың ата-анасы. Алты ата-ана ғой. Бұл жерде бет ашу кезінде сәлем салынады, ол енді қазақтың қалыптасқан дәстүрі. Бет ашу деген бірінші сыныпқа, балабақшаға немесе университетке оқуға түскен баланың немесе студенттің тыңдаған бірінші лекциясы сияқты болады. «Ала қаптың аузы бос, қутыңдама келіншек. Өзің жатып күйеуіңе, тұр, тұр деме, келіншек» деп айтылады. Сол сөз ақ босағаны оң аяқпен аттап, отқа май құйып, бетін алаулап, бетін ашып, сәлем салғаннан бастап, жүректе қалған нәрсені сол келін ақ жаулықты ана болғанша атқарып жүреді. Енеңнің төсегіне отырма, алдынан кескестеме, жалаңаш жүрме деген сияқты үлкен тәрбие. Ал сәлем салу сол құрметті ұмытпау, үлкендерге мәңгілік ізетті сақтап жүрудің белгісі. Таңертең түндік ашу, есіктен кіру, алғашқы отты жағу сол кездегі, келіннің қолынан шай ішу дегеннің бәрі үлкен берекенің, ынтымақтың, отбасын сақтаудың тәрбиелік тәртібі.
Сәлем салған келін әдепті келін, әдемі келін, ибалы-иманды келін деп бағалайды. Сондықтан бойында осындай төрт қасиеті бар, таңдаулы келінге жатады», – дейді Болат Бопайұлы.

 

Сонымен қатар, этнограф «мен сәлем салмаймын» деген сөз, қазақтың дәстүріне қарсы шыққандық, ұлттың қалыптасқан тарихи дәстүрін жоққа шығарғандық деп атап көтті. Әңгіме барысында бұрынғы ата-салтымызда ерлеріміз қыздың үйіне барған кезде күйеу бала ретінде сәлем салғаны, яғни тәжім еткені де сөз болған.

 

«Қайын ата деген өзінің әке-шешесінен кейінгі, әкесімен бірдей екінші әкесі ғой. Оған тәжім етіп, сәлем беру, оның алдында бет-алды сөйлемеу, құрмет-сый жасау, әдеппен амандасу, басын иіп, кеудесін ұстап, сәлем беру ол – әдептіліктің, мәдениеттіліктің, білімділіктің, салт дәстүрдің белгісі», – дейді этнограф Болат Бопайұлы.

 

 

Мақала авторы: Ақбота Мұсабекқызы

 Фото: mazhab.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.