Талдықорған: +10°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Ақсу ауданында «Жанұя» орталығы ашылды

27.09.2025
ӘЛЕУМЕТ
Ақсу ауданында «Жанұя» орталығы ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Облыста тоғызыншы «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды. Енді бұл әлеуметтік маңызы бар нысан көмегін ақсулық ағайын тегін ала алады. Орталықтың басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, түрлі тұрмыстық жағдайларға тап болған жандарға қолдау көрсету.

Салтанатты жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев пен аудан әкімінің орынбасары Бекзат Ермұханбетов құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың жұмысына сәттілік тілесе, Ақсу ауданының Құрметті азаматы Амантай Айтбаев ақ бата беріп, жаңа мекеменің қадамына ақ жол тіледі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген мәліметке сүйенсек, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және қолдау мақсатында құрылған «Жанұя» орталықтары өңірдің аудандары мен қалаларында 2023 жылдан бастап ашыла бастады. Орталыққа жүгінгендерге білікті заңгерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді. Жаңадан бой көтерген орталықта жатын орын, балалар ойын бөлмесі, кір жуатын жер, асхана, тынығу бөлмесі және қызметкерлерге арналған мәжіліс залы, әлеуметтік сала мен психолог мамандарына арналған жеке бөлмелер жан-жақты заманауи үлгіде жабдықталған.

– Біз бұл орталықтарды болашақ үшін ашып отырмыз. Мұнда келушілер мемлекеттен қолдау таба алады. Біздің мақсатымыз – қолдауға зәру жандарға кеңес беру ғана емес, нақты көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, құқық қорғау, психологиялық қолдау көрсету, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

Аудандық ардагерлер кеңесінің маманы Салтанат Айтмұханованың айтуынша, отбасы – Отанның кішкентай бейнесі. «Адам бойындағы ең алғашқы мейірім, сыйластық пен қамқорлық ошақ қасында қалыптасады. Сондықтан да «Жанұя» орталығы – ата-ананың қадірін арттыруға, ұлықты ұл, қылықты қыз тәрбиелеуге өз септігін тигізетіні анық. Енді ауылдағы ағайын өз мәселесін шешуде жалғыз қалмайды. Олар жан-жақты көмек алып, қиындықты қасқайып көтеріп, күліп шығарып салуға бейімделеді. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен», – деген ақжарма тілегімен бөлісті.

Жергілікті тұрғындар да жаңа орталықтың ашылғанына дән риза. Жансүгіров ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Мариям Дүйсенбина мұндай орталық әсіресе ауылды жердегі тұрғындарға ауадай қажет екенін айтты. «Қиындыққа тап болған отбасы бірден мамандарға хабарласуға мүмкіндігі бола бермейді. Енді олар көмекті орталықтан алады. Ең бастысы, бәрі тегін беріледі. Орталық көпшілік үшін шынайы қолдаудың, жанашырлықтың бесігіне айналатынына сенімдімін», – дейді көпбалалы ана.

Жыл басынан бері облыстық «Жанұя» отбасын қолдау орталықтарына 212 отбасынан 570-тен астам адам тіркеліп, жан-жақты психологиялық, әлеуметтік және қолдау қызметтерін алған.

Биыл Ескелді және Көксу, Алакөл, Кербұлақ аудандарында «Жанұя» отбасын қолдау орталықтары ашылып, халық игілігіне берілді. Келер жылы Талдықорған қаласында ашылады деген жоспар бар.

Еңлік кенеБАЙ,
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

12.04.2026
Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

12.04.2026
Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.