Талдықорған: -6°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Жетісуда бір мезетте 60 отбасына зекет берілді

17.03.2025
ІЗГІЛІК ІЗІ
Жетісуда бір мезетте 60 отбасына зекет берілді
WhatsAppTelegramFacebook

Қасиетті Рамазан айында Жетісу облысында бір мезетте 60 мұқтаж отбасына 60 қой таратылды. Аймақтағы атымтай жомарт азаматтардың атсалысуымен өткен зекет беру шарасын мешіт имамдары ұйымдастырған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жетісу өңірі бойынша бас имамы Керімбек Дәуітовтің сөзінше, «зекет» сөзі тазару, өсу, өну, арту және береке деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғатымызда «зекет» деп нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруін айтады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 43-ші аятында: «Намазды толық орындаңдар және зекетті беріңдер» деп зекетті намаз құлшылғымен бірге өтеуді бұйырған. Нақтырақ айтқанда, зекет – мұсылмандардың бес парызының бірі, яғни, төртінші шарты, қоғамдағы кедей адамдарға беруге жүктелген садақа. Мұнда шариғат бойынша кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін зекет ретінде беруге міндетті. Мысалға, ақшасы барлар жалпы ақшасының көлеміне қарай, қой, ешкінің саны 40-тан асса бір қой, түйе 5-тен, мүйізді ірі қараның саны 30-дан асса бір тайынша зекет беруге болады. Зекет мешітке немесе мұқтаж адамдарға беріледі.  Ал, пітір садақасы  85 грамм алтыны, не сондай құнға ие байлығы бар адам бір жылда бір рет беретін уәжіп садақа. Оны Рамазан айы басталған күннен ораза айт намазы оқылғанға дейін берген дұрыс. Ол – жаңа туылған сәбиден бастап қартқа дейін уәжіп етілген. Пітірді отағасы береді. Пітір садақасының негізгі мәні – өмірге келіп, жер басып жүргені үшін беріледі. Оны жергілікті жердегі мұқтаж адамдарға берген абзал. Ол бидай немесе бидай ұнының уәжіп болған мөлшерімен белгіленеді. Мәселен, биылғы пітір садақаның мөлшері 655 теңге болып бекітілген.

–  Бұл жолы өңірдегі кәсіпкер азаматтардың қолдауымен тұрмысында қиыншылығы бар 60 жанұяға қой үлестірілді.  Жалпы сауапты істен құр қалмай, қол ұшын созған әрбір қайырымды азаматтың ісі оңға басып, Алла мол сауаптан жазсын! Мұндай шаралар бұдан былай да жалғасатын болады»,– дейді өңір имамы.

Еске сала кетсек, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл. Осыған байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен түрлі шаралар қолға алынуда. Жақында өткен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық марафонының аясында бір мезетте еліміз бойынша 3500 отбасына көмек көрсетілсе, Жетісу жеріндегі мешіттерде тұрмысында қиыншылығы бар көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жағдайы төмен отбасының мүшелері, асыраушысынан айырылған жетім-жесір, мүмкіндігі шектеулі жандардан құрам тапқан 1000 мұқтаж отбасына азық-түлік себеттері таратылған еді. Дін қызметкерлеріннің айтуынша қазір аймақта «Рамазан сыйы», «Ауызашар», «Біз біргеміз!», «Жақыныңа жанашыр бол!», «Жақсылық жасап жарысайық!» сынды қайырымдылық акциялары шеңберінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілуде.  Мұндай игілікті істер әлі де жалғасауда.  

 

                                                                     Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.