Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бакалавриат мейірбикенің міндеті

16 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Бакалавриат мейірбикенің міндеті
WhatsAppTelegramFacebook

Мен Талдықорған жоғары медицина колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалаврдың 4-курс білімгерімін. Осы мамандықтың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі мейіргердің рөлі жайлы мәлімет бергім келеді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек – жеке адам, отбасы, жалпы қоғамның ұлттық денсаулық сақтау саласына барынша ықпал етуші. Аталмыш медициналық көмек – науқастың денсаулығын нығайтып, емдеп, оңалтуға бағытталған  бірінші элемент. 

Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттеріндегі әріптестерімен бірлесіп Қазақстандағы мейіргерлік білім беру жү-йесін жаңғырту жөніндегі Жол картасын әзірледі.   Министрлік қолданбалы бакалавриаттың жоғары кәсіби клиникалық медицина мамандарын даярлауға арналған бағдарламаны Финляндияның қолданбалы ғылымдар университетінің сарапшыларымен бірлесіп дайындады.

Оқытудың негізгі мақсаты – оқу  және тәжірибе алмасу кезінде алған білімдерін белсенді және тиімді пайдалана алатын, сыни және аналитикалық ойлау,  пациенттің қауіпсіздік қағидаттарына сәйкес жұмыс істей алатын мейірбике мамандарын даярлау.

2020 жылдың сәуірінде колледждің мейірбике ісінің қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бағалаушылар тарапынан «Білім беруге  толық сәйкес» деген баға алды. Бағалау – оқу орнының бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері бойынша анықталды. Оқу орны  жоғары медициналық колледж мәртебесіне ие болды. 2020 – 2022 оқу жылында  «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша  «Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігіне білімгер  қабылдау жүзеге асырылды. Өзімнің зерттеу жұмысымды Талдықорған қалалық емханасының «Жастар» шағынауданында жүргіздім. «Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавр» бағдарламасы бойынша оқыған мейірбикелердің жұмыстарына көңіл аудардым. Ең алдымен,  мейірбике бұйрықтарға сәйкес медициналық құжаттаманы уақытында толтырады. Сондай-ақ,  учаскелік медбикелердің журналдарына бақылау жүргізеді.  Одан кейін дәрігерлік тағайындаудың толықтығы, уақытында орындалу сапасы тексеріледі.  Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жүзеге асыру  ережелерді толық сақтауды талап етеді.

Талдықорған қалалық емханасының медбикелері дәрігерге дейінгі және профилактикалық тексерулер жүргізеді. Өз құзыреті шеңберінде пациенттің медициналық, психологиялық мәселелерін анықтайды. «Қант диабеті», «Артериялық гипертензия», «Глаукома» мектептерін жүргізеді.

Қорыта айтқанда, бакалавр мейірбикелері тұрғындардың қажеттілігі мен сұранысына жауап беруі тиіс. Сапалы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы халықтың денсаулығын нығайтуға атсалысады.

Аяжан ЕДІЛҚЫЗЫ
«Талдықорған жоғары медициналық колледжінің» білімгері

Фото: Freepik
 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00
Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36
Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30
Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.