Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлттық құрылтайдың шешім қабылдау механизмі күшейіп келеді

14 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Ұлттық құрылтайдың шешім қабылдау механизмі күшейіп келеді
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл өткен сайын Ұлттық Құрылтайдың жұмыс тәртібі, шешім қабылдау механизмі күшейіп, жетіліп келеді. Атап айтсақ, жалпы отырыс форматында ұйымдастырылатын талқылаулардың 2 түрі қалыптасып отыр. Біріншісі – Президенттің қатысуымен өтетін пленарлық жиын. Екіншісі – секцияларға бөлініп өткізілетін жұмыс топтарының отырыстары. Оның ішінде «Азаматтық қоғам», «Мәдениет, өнер, руханият, «Білім және ғылым», «Әлеуметтік экономикалық даму» деп аталатын секциялар бар. Әрбір секцияны сол бағыттағы ең жоғарғы мемлекеттік лауазымы тұлға басқарып, модераторлық жасап отырады. Бұл қоғамда қалыптасқан өзекті мәселелерге бей-жай қарамау керектігін ұғындырады. Яғни, жоғарғы деңгейдегі лауазымды тұлғалар сол жердегі ұсыныс-пікірлерді тыңдап, қаттамаға енгізеді. Сол арқылы шешім қабылданады.

Ұлттық құрылтайға түскен ұсыныс-пікірлердің динамикасы жыл өткен сайын жоғарылап, өсіп отыр. Ұлытауда өткен отырыста 49 ұсыныс, Түркістандағы құрылтайда 106 ұсыныс түссе, былтыр Атырауда 149 ұсыныс пен пікір жинақталды. Ал биыл Бурабайда 200-ден астам ұсыныстың айтыларына сенім мол. Кеше 4 секцияның жұмысы өтті. Соның үшеуіне қатысып, ұсыныс-пікірлерімді білдірдім. Атап айтсам, «Азаматтық қоғам» секциясында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары деп аталатын 2465 ауылдық округтердің жанындағы өзін-өзі басқару ұйымының мәселесін көтердім. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын іске асыру жолында биліктің қоғаммен байланыс орнатуы өте маңызды бағытқа айналып отыр. Қоғамдық кеңестер жұмыс істеуде, әкімдер сайлануда, әкімдер оқытылып жатыр. Ендігі кезек – әкімдіктердің жанындағы жергілікті қоғамдастықтардың жиналыстарын өткізу, кәсіби біліктілігін көтеру, тиімділігін жетілдіру. Бұның бәрі жүйелі әрі сабақтасты түрде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет құру» концепциясын толықтырып, дамытады. Әрине, демократия бір күнде орнап кетпейді. Оның бәрі қадамдар, талқылаулар, ұсыныстар және шешімдер арқылы жүруі тиіс. Меніңше осы мүмкіндікті, мақсатты, міндетті Ұлттық құрылтай өз дәрежесінде тиімді шешіп келе жатқан платформа.

Отырыстардың өзін 2-ге бөлуге болады. Секциялық отырыстар жыл бойы мәселелердің жинақталуына, өзектілігіне байланысты 2-3 рет өткізілсе, одан бөлек уақытша құрылатын көшпелі отырыстарға белгілі тақырыптарды талқылау үшін аймақтарға ғалымдарды, сарапшыларды, мамандарды шақырады. Бұл Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдан кейін енген өзгеріс десек болады. Меніңше бұл да өте тиімді.

Жалпы, Ұлттық құрылтай модернизациялану үстінде. Сол арқылы тиімділігін көрсетуде. Қоғамда: «Мықты, дамыған парламентаризм болса Ұлттық құрылтайдың қажеті болмас еді» – деген сын пікір айтылып қалады. Әрине, Қазақстанда демократиялық процесстер тұрақты жүріп жатыр, жүре береді де. Біздегі парламентаризмнің баяу дамып жатқаны баршаға мәлім. Алайда соңғы шақырылған VIII Парламенттің жұмыс белсенділігі жоғары баға алғаны тағы рас. Оны қоғам да көзбен көріп, іштей біліп отыр. Десе де Парламенттің бір жағына шығысып, қоғамдағы мәселелерді талқылауда басқа да демократиялық институттар мен алаңдардың болуы артықтық етпейді. Халқымызда: «Елге бай емес, би құт» деген сөз бар. Би дегеніміз – әділет, заң. Демократиялық институттар мен механизмдердің көп болуы қоғамға пайда, олжа әкеледі.

Қазыбек Дәуталиев
Заң ғылымдарының кандидаты,

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі,

Алматы облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31
Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.