Талдықорған: +19°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Отбасы – мемлекет уығы

09.10.2025
ӘЛЕУМЕТ
Отбасы – мемлекет уығы

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда өткен «Қазақстандағы отбасы институтын дамытудың динамикасы» атты форумға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, аймақтағы жоғары оқу орындарының өкілдері мен мамандар қатысты. Алқалы жиынды қоғамдық даму басқармасы мен коммуникация және мониторинг орталығы ұйымдастырыпты.

Форумда баяндама жасаған этносаяси зерттеулер орталығының директоры Дінмұхаммед Ғали және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұстазы, философия ғылымдарының кандидаты Сайра Рахипова отбасы құндылығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, заман талабынан туындап отырған аса өзекті мәселелерді шешудің жолдарын мемлекеттік деңгейде қарастыру керектігін алға тартты. Елімізде 2009 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта ұлттар арасындағы отбасы құру мен ажырасудың айырмашылығын таныстырған Этносаяси зерттеулер орталығының директоры Дінмұхаммед Ғалидың айтуынша, үйлену, бала өсіру сынды аса өзекті мәселелерді ғасырлар бойы ың-шыңсыз шешіп келген отбасы институты ұғымы соңғы кездері ерекше өзгерген. Соның кесірінен демография тұралап, өмір сүру салты мен қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық түсініктер тоқырауға ұшыраған. Ертеректе көпбалалы болып келетін отбасы құру идеясы адамның жас кезінде жүзеге асырылса, қазіргі жастар некені кейінге ысырып, алдымен білім алуды, үй салуды жетістік деп есептейді. Соған орай некеге тұру жасы ұлғайып, отбасы болып кеткендердің саны азайған. Есесіне азаматтық некемен бірге тұратындардың немесе жалғызбастылардың саны артқан. Үлкен қалалардағы бала туу деңгейі төмендеп кеткен. Ең сорақысы, үйлене салып, ажырасуға ұмтылғандар мен толық емес отбасылар өте көп. Осындай сынға тап болған отбасы институты жаңа заманға сай өзгерістерді бастан өткеріп жатыр.

«Жаһандану дәуірі және отбасы құндылықтары: отбасы институтын сақтау мен жаңарту жолдары» деген тақырыпта баяндама жасаған І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұстазы, философия ғылымдарының кандидаты Сайра Рахипова еліміздегі отбасылық және мәдени құндылықтарды ұстанудың маңыздылығына тоқталып, жаһандану кезеңінде әрі жасанды интеллект дәуірінде ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, ұлттық құндылықты және тілді сақтаудың қажеттілігін түсіндірді. Оның айтуынша, өскелең ұрпақты бабалар ұстанған – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, еңбекқорлық және туыстық байланысты берік ұстану секілді бағытта тәрбиелегенде ғана келешекке үмітпен қарауға болады. Сондай-ақ, отбасы мен қоғам арасын нығайтудың аса қажеттілігін алға тартқан баяндамашы ұлттық салт-дәстүр болашақ ұрпақты адамдық тұрғыдан тәрбиелеуге тікелей әсер ететінін әңгімеледі.

Әлемдік геосаяси кеңістіктердің өзара ықпалдастығы, ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасты жасанды интеллектінің жоятындығы, соның кесірінен қоғамдағы рухани тіректер құлайтыны айтылған форумда адамдықтың биік шыңы – рухани тәлім-тәрбиеге жасалып жатқан соққылар ең алдымен отбасының тірегі әке мен шешеге тиетіні, балабақшалар мен мектептерде сабақ беретін ұстаздар қатарында ерлердің мүлде жоқтығы келешек ұрпақтың санасында жауапкершілік, сөзге беріктік, айтқанын орындау секілді қарапайым қағидаларды қараусыз қалдырып отырғаны мысалмен жеткізілді. Атап айтқанда, Сайра Рахипова бүгінгі күні елімізде тіркелген 100 некенің 40-ы бұзылып, 65 мыңнан астам еркектің алимент төлеуден жалтарып жүргенін, ал қарттарға арналған 70 үйде 7 мыңнан астам адам тұратынын алға тартты. Одан бөлек, жыл сайын 2 мыңға жуық сәби балалар үйіне алынады. Әрбір үшінші некенің бұзылуынан өскелең ұрпақты жалғызбасты аналар тәрбиелеп отыр.

Осындай қадау-қадау мәселелерді шешудің жолы тәрбиеге тіреліп тұрғанын айтқандар халқымыздың тарихына көз салудың, ата-баба дәстүріне оралудың, туған жерге жанашырлықпен қарайтын ерлерді өсірудің қажеттілігіне ерекше тоқталды. Әрине, ел болған соң тиімді жолдар қарастырылып жатыр. Жетісу жерінде жүріп жатқан «Ментор» жобасы соның дәлелі. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтің бастамасымен қолға алынған жоба аясында 2023 жылдан бері Талдықорғандағы 31 мектепте 32 ментор жұмыс істеп отыр. Қазір облыстың барлық ауданындағы мектептерге енгізіліп отырған жоба бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді. Биылдың өзінде менторлар облыс бойынша оқушылармен 558 кездесу өткізіп, ақыл-кеңес берген. Соның ықпалымен аймақта «Әкелер одақтары» құрылып, ерлер ұрпақ тәрбиесіне үлес қоса бастады.
Форум аясында өткен салалық талқылаулардан кейін алқалы жиынға қатысушыларға сертификаттар табысталды.

М. ӘСЕТҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026
Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

12.04.2026
Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

12.04.2026
Бүгін – Ғарышкерлер күні

Бүгін – Ғарышкерлер күні

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.