Биыл Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысына 120 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында кәсіподақтар еліміздің қоғамдық және әлеуметтік өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Бүгінде кәсіподақ ұйымдары ел бойынша 2 миллионға жуық адамды біріктіріп, еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарып келеді.
Кәсіподақтардың басты міндеті – қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, әділ жалақы мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек адамының болашаққа деген сенімін нығайту.
Сонымен қатар, кәсіподақтар әлеуметтік серіктестік пен еңбек қатынастарын дамыту, әділдікті орнату және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Айта кетсек, биыл Кәсіподақтар федерациясының құрылғанына да 35 жыл толып отыр. Осы екі маңызды дата – елдегі еңбек қозғалысының қалыптасу тарихы мен қазіргі дамуының айғағы.





