Қазақстанның басым бөлігінде 10 қазан күні ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыс пен солтүстік өңірлерде ғана аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Синоптиктердің мәліметінше, күндізгі ауа температурасы ел аумағында +12…+20°С аралығында жылы болады.
Астана мен Ақмола облысында күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Түнде температура -1…+2°С, күндіз +13…+15°С шамасында.
Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы жылы әрі жайлы болмақ.
Павлодар мен Қарағанды өңірлерінде де жауын-шашын күтілмейді, түнде 2-4°С суық, ал күндіз +7…+11°С шамасында.
Шығыс Қазақстанда – Өскемен мен Семей қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде -3°С дейін салқындап, күндіз +5…+7°С жылы болады.
Жезқазғанда күн ашық, ауа температурасы +15…+17°С аралығында.





