Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Олжас Бектенов: «Арал мәселесін шешудің кілті – аймақтық ынтымақтастық пен цифрлық технология»

10 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Олжас Бектенов: «Арал мәселесін шешудің кілті – аймақтық ынтымақтастық пен цифрлық технология»
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының Қазақстан төрағалығымен өткен екінші отырысына қатысушы мемлекеттер делегацияларының басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Арал теңізінің су деңгейін арттыру және аймақтағы су-энергетикалық тепе-теңдікті сақтау жөніндегі бірлескен шараларды талқылады. Бұл мәселелер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында көтерілген бастамалармен сабақтас.

Олжас Бектенов өз сөзінде су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану – өңірдің энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық бағыт екенін атап өтті. Оның айтуынша, биылғы вегетациялық кезеңнің күрделілігіне қарамастан, үкіметтердің үйлесімді іс-қимылының арқасында Арал бассейнінде тұрақты су режимін сақтау мүмкін болды.

«Әр елдің өз ұлттық мүддесі бар, біз оны қорғауға міндеттіміз. Бірақ басты мақсатымыз – тату көршілік пен ұзақмерзімді серіктестік. Күнделікті міндеттерді шешуде стратегиялық басымдықтарға нұқсан келтірмеуіміз қажет», – деді Премьер-министр.

Қазақстан тарапының төрағалығы кезеңінде басты назар цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні су саласына енгізуге бағытталмақ. Бұл бастама су ресурстарын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етіп, су ысырабының азаюына ықпал етпек.

Сондай-ақ Арал теңізі бассейнінде су ресурстарын есепке алу, мониторинг және басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін қалыптастыру мәселесі де талқыланды.

Кездесу барысында Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Зиёзода Сулаймон, Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев және Түрікменстанның ауыл шаруашылығы министрі Чарыяр Четиев сөз сөйледі.

Қорытынды сөзінде Олжас Бектенов Қазақстанның ашықтық, өзара түсіністік және сындарлы диалог қағидаттарына адалдығын атап өтті.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.