Қазақстанда азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін арттыру мақсатында жаңа қаржылық тетіктер енгізіліп жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет экономикалық реформалар аясында бірқатар шараларды қолға алды.
«Олардың бірі – отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер арқылы халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру бағдарламаларын жалғастыру. Сонымен қатар халықаралық тәжірибеге сәйкес, жеке тұлғалар үшін автокөлік сатып алуға лизинг тетігі енгізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Аталған шаралар азаматтардың көлікке қолжетімділігін арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.





