Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін функциялар қосады — министр

12 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін функциялар қосады - министр
WhatsAppTelegramFacebook

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жаңа функцияларды іске қосады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ дерегіне сүйеніп.

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен ата-аналардың бақылау жүйесін одан әрі жақсартуда. Платформа жасөспірімдер үшін қауіпсіз онлайн кеңістік құруға және ата-аналарға балаларының TikTok-тағы белсенділігін басқаруға көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді іске қосқанын хабарлайды. Атап айтқанда, TikTok «Отбасылық баптаулар» бөлімінде ата-аналарға жасөспірімдердің қосымшаға қолжетімділігін белгілі бір уақыт аралығында шектеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, платформа сағат 22.00-ден кейін TikTok-ты пайдаланатын жасөспірімдердің назарын аударып, тынығуына көмектесетін жаңа мүмкіндікті іске қоспақ, — деп жазды министр.

TikTok-тағы ата-аналардың бақылау жүйесінің бір бөлігі болып табылатын «Отбасылық баптаулардың» іске қосылғанына 5 жыл болды. Осы жылдар ішінде ата-аналардың кері байланысы мен сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, TikTok жаңа функцияларды бірнеше рет еңгізіп отырды. Бұл жолы TikTok қолданбасының әзірлеушілері «Демалыс» деген жаңа функцияны қосты. Ол қосымшаны белгілі бір уақытқа бұғаттауға мүмкіндік береді.

Енді ата-аналар:

  • Балаларына TikTok-қа қол жеткізуді шектеу уақытын белгілей алады, мысалы, оқу уақытында немесе түнгі уақытта.
  • Цифрлы детокстқа қол жеткізу үшін қайталанатын кестені орната алады.
  • Шектеу қойылған уақыт аралығында жасөспірімнің TikTok-ты қолдану сұранысын қабылдай алады.

Оған қоса «Отбасылық баптаулардың» жаңа функциясы ата-аналарға балаларының аккаунттары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Енді ата-аналар:

  • Балаларының TikTok-та кімдерді бақылап отыратынын және олардың аккаунтына кімдер жазылғанын көре алады.
  • Қандай қолданушылардың аккаунттарын бұғаттағанын біле алады.

Тіпті ата-аналардың бақылауы қосылмаған кезде де, алдағы айларда TikTok жасөспірімдерге қауымдастық ережелеріне сәйкес келмейтін контент туралы ата-аналарына хабарлау мүмкіндігін қосуды жоспарлап отыр.

 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.