Талдықорған: +17°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Біз осы қайда асығамыз?

20.10.2025
КҮНДЕРЕК
Біз осы қайда асығамыз?

goodfon.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Күз. Аспанды қалың қара бұлт басып, күннің бетін тұмшалап тастаған. Ар жағында тұрған тіршілік сәулесі бірде жылт етіп көрініп қалғанымен бар аспан әлемін жаулаған бұлт оған бой бермей лезде тұмшалап үлгереді. Ал күн нұрын аңсаған қара жер қамығып, сыздап жатыр. «Шіркін, күн сәулесі тағы бір рет шығып арқамнан сипаса, бәлкім бұл сыздан арылып қалармын», дегендей сәл ғана бой жылытқанына қанағаттанбай наразылық танытып жатқан секілді. Жел соқса тал жапырақтары сылдырлап, құлақ құрышыңды қандырады. Сыбдыр қағып, бұтақтары майысып, бейне бір мың бұрала билеген қыз сияқты. Бақ ішінде тізқатар орналасқан сол ағаштар қазір төңірекке ерекше сипат беріп тұр. Жапырақтарынан айырылған ақ қайыңдар жартылай жалаңаштанып, сары түске бой алдырған күйде айналасына құдды бір алтыннан шашу шашып, жомарттық танытып тұрғандай. Дымқыл ауа, аздап ызғар бар. Бүйіріңнен суық жел желпіп өткенде өне бойың тітіркеніп, жаурап кетесің. Сол кезде жан дүниең бір жылулықты аңсайды-ақ.

Қазір жаураған күйде сол бақты аралап келемін. Айналамнан ары-бері өткен адамдар табиғаттың мұндай тың өзгерістерінен мүлдем  бейхабар. Төңірекке мен сияқты ерекше мән беріп, назар аударып жатқан жан жоқ. Әйтеуір, білетінім барлығы бір жаққа асығуда. Неге біз осы үнемі асығамыз да жүреміз..? Түсінбеймін. Шұғыл шаруа шықса болды, соны орындамайынша жанымыз жай таппайды. Бір ақын айтпақшы «Жолға шықсақ жетуге асығамыз, жете салып кетуге асығамыз». Біреудің бойындағы мінін байқап қалсақ соны өзге біреуге тезірек жеткізуді қалап тұратынымыз тағы бар.

Шыны керек, бала кезде барлығымыз да қашан ер жетер екенмін деп асықтық. Енді қазір ойлап қарасаңыз, керсінше, сол балдай тәтті бал дәуренге жетер шақ жоқ екенін түсініп келеміз. Қарын тоқ, қайғы жоқ, көйлек көк. Өкініштісі сол, енді ол дәурен қайтып оралмайды, құр қиялдайсың да қоясың. Қазір ер жеттік. Ақыл, ой-санамыз жетіліп, ақты ақ, қараны қара деп тануға қабілетіміз де, қауқарымыз да толықтай бар. Бірақ сонда да Құдайдың бізге парыз қылып жүктеген міндетін елемей қу дүниенің соңына ілесіп, болашаққа, яғни, мақсатқа қашан жетеміз деп асығып келеміз. Осылай асығып-үсігіп жүріп, қамшының сабындай болған қысқа ғана ғұмырда уақыттың зымырандай зуылдап өте шыққанын байқамай қалады екенбіз.

Меніңше, адам мен табиғат арасында ұқсастық бар. Мен дәл қазір ойымды солай түйдім. Бақ ішінде орналасқан орындықтардың біріне отырып айналама асықпай зер салдым. Табиғатта болып жатқан құбылыстар да бір нәрсеге асыққандай. Қоңыр күз болғандықтан ба ағаштың барлығы жел соқса болды сілкініп алып, ескірген жапырақтарынан тезірек құтылуға асығып тұрғандай сыңай танытады. Иә, өсімдік атаулы күздің қатал мінезінен қажыған күйде жайма шуақ көктемнің арайлы мезгіліне асығып тұрғандығы белгілі. Табиғат ананың мұндай тылсым құбылыстарына тамсана отырып күздің қара суығы қалайша күшейіп кеткенін де байқамай қалыппын. Күртешемді бүркеніп алдым да жаураған күйде мен де үйге қарай асықтым.

Данияр САҒЫНДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

03.07.2026
Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

03.07.2026
«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

03.07.2026
Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

03.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Құқықтық мемлекет жолындағы соны үдеріс

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.