Талдықорған: +22°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ер қанаты

Қазақ халқы төрт түлік ішінде әсіресе, жылқы өсіруге айрықша ден қойған. Оның дертке шипа еті мен қымызы да жоғары бағаланады. Бабаларымыз жылқыны қастерлеп, оны жеті қазынаның бірі деп таныды. Олар ұланғайыр қазақ даласын да ат үстінде жүріп қорғаған. Сондай-ақ, оны күтіп-баптап, тұқымын асылдандырып отыруды да парыз санады. Өйткені одан бағалы ет, сүт өнімдері өндірілсе, оның терісі де қажетке жаратылды. Мұндай үрдіс қазір қайта жанданып, жалғасуда.

21.10.2025
КҮНДЕРЕК
Ер қанаты

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

WhatsAppTelegramFacebook

Жалпы, жылқы бағу оңай шаруа емес. Жылқышылық кәсіпті күш-қайраты мықты, ерік-жігері күшті жігіттер ғана атқара алады. Жылқы санына байланысты оны бір топ жігіт ұйымдасып баққан. Олардың басшысын сол кезде «аға жылқышы» деп атапты. Яғни, осындай жауапкершілігі мол іске, тек жер жайын жақсы білетін, ат құлағында шебер ойнайтын шабандоз жігіттер таңдап алынды. Олар әсіресе, малды аязды күндер мен дауыл-борандарда ит-құсқа, ұры-қарыға жем қылмай, аман-есен иесіне жеткізуді міндет деп ұқты. Сол кезде жылқы шаруашылығымен шұғылданатындар басқа малшы ауылдан гөрі ауқатты ел ретінде саналды. Өйткені мұнда қымыз, қазы-қарта, жал-жая секілді бойға қуат дарытатын дәруменге бай тағам көп болды.

Тіпті, сол уақытта жылқысының саны бес мыңнан асқан адамды бай санатына қосқан. Қазақ ғұрпында қалың киізбен жабылған үйді «жылқышының қара қосы» деп атапты. Мұндай киелі үй тоқтықтың нышанын білдірді. Бұл жерде піскен ет те, майлы сорпа да, құрт- көже де ешқашан үзілмеген. Сондықтан семіз етке бір тойғысы келетіндер осы қосқа әдейі ат басын бұратын болыпты. Сөйтіп, жолшылар елдің, үй-ішінің амандығын білісіп, бір-бірімен қауышып қалады екен. Ел арасын байланыстыратын жүйрік те осы ауылдан табылған. Малдың ерекшеліктерін білетін небір сыншы, дүлдүл шабандоздар да жылқышылар арасынан шығыпты. Жылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыр-сырын жетік білетіндер халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп аталды.

Жылқышы – әр істі бастар алдында жылқының пірі – Қамбар атаға сыйынған. Жылқышының бір артықшылығы – киімі бүтін, тамағы тоқ. Тіпті, жүйрік ат та, семіз жылқы да солардікі.  Қазақтың тарихи дастан жырларында батырлар мінген тұлпарлар: Қобыландының Тайбурылы, Ер Тарғынның Бозтарланы, Қамбар батырдың Қарақасқасы, Төлегеннің Бозжорғасы, Ақан серінің Құлагері, Алпамыстың Байшұбары, Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналды. Халық сүйікті перзенттерін «құлыным», «құлыншағым» деп еркелетуі, жылқыны өте жоғары бағалағандығын көрсетеді. Ертеде көшпелі тайпалар жылқыға табынған. Беделді адамдар өлгенде жылқыны қоса жерлеу дәстүрі ежелгі сақ тайпаларында сақталды. Бұған Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау өңірлерінен табылған адамдармен қоса жерленген жылқы сүйектерінің қалдықтары дәлел.

Сонымен бірге қазақ халқы жылқының қара өкпе, шойырылма, қарақаптал, киеңкі, жамандат, мандам, боғымалы, қыршаңқы, өлі, желін құрт, сары ауру, жалақ, жауыр, шилі қара, лоңқа, өлі ет, қара дақ секілді түрлі ауруын дәл ажыратып, оны емдеудің өзіндік тәсілдерін де жақсы білген. Бүгінгі таңда дүниежүзінде жылқының екі жүзден астам түрі бар көрінеді. Соның ішінде ауыр жүк таситын, салт мінетін, спорттық ойындарға пайдаланатын, етті, сүтті бағыттағы тұқымдары көп кездеседі. Жылқының қадір-қасиетіне байланысты «арғымақ», «жабы» (қазақы жылқы) деп екі топқа бөлінеді. Арғымақ жылқылар адамға дос, сенімді серік. Олар жүйрік жылқы тұқымдары деп саналады. Арғымақ тұқымынан шыққан таңдаулы жылқыны «тұлпар», «сәйгүлік», «пырақ», «дүлдүл» деп дәріптеп, оларды ерекше күтімге алған.

Асыл тұқымды арғымақтың қазақ даласында көптеп өсірілгендігі туралы тарихи деректер де бар. Ал еті мен сүті үшін өсірілетін жабы жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Семіртіп сойған жабыдан 53 – 57%, кейде 60% -ға дейін ет алынған. Ал, биелерінен тәулігіне 18-20 литр сүт сауылыпты. Бұл жылқының сүті мол, қымызы дәмді әрі шипалы, еті мол, қазысы ерекше көзге көрінетін және айналдыруға да ыңғайлы. Сондай-ақ, ол мініске көнбіс, мінезі жайлы, төзімді болып келеді. Сондықтан бұларды соғысқа мінбеген, тек күнделікті тұрмыста ғана пайдаланған. Қазіргі ғылым тілімен айтқанда жабы наймандық типі деген түрі Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында сақталыпты. Осы облыстың Катон-Қарағай ауданында мал жейтін шөптер өте құнарлы, нәрлі және емдік қасиеті бар.

Сондықтан осы ауданда өсірілетін қазақ жылқысының қымызы дүниежүзіндегі ең керемет қымыз болып есептеледі. Өйткені, қымыздың қасиеті жылқының тұқымына және шөптің сапасына тікелей байланысты. Ал, қазақ жылқысының сүтті тұқымдарының кейбір түрі қымыз өндіруге арнайы сұрыпталып шығарылған. Сүті мол бие мама бие деп аталады. Бие желінінің сүтке толып, сауылатын мезгілін сауын деген. Ол бас сауын (күні бойы сауылатын биенің ең алғашқы сауыны), жебей сауын (бас сауыннан жарты сағат өткеннен кейін биені қайта сауу), кенже сауын (биені өріске ағытар алдындағы соңғы сауын) болып бөлінеді. Ал құлындамай қалған биелер қысырақ деп аталыпты. Ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Қазақта өте ұшқыр, керемет жылдам, екпіні қатты, алысқа шабатын, төзімді жебе деген қазақи жылқы тұқымы болған.

Мұндай аттар тұрған орнынан бірден үлкен жылдамдық алады. Тақымы бос адамдар бұл аттың үстінде шыдап отыра алмаған. Батырлар жауға қарсы жекпе-жекке шыққан кезде осы атты мініп, тойтарыс жасапты. Жалпы, жануардың арғы тегі жылқы пішіндес жануарлардан дами келе – тарпаңға, Пржевальск жылқысына, құлан, зебраға жеткен көрінеді. Осылардың ішінде тарпаң жылқының бітімі бөлекшелеу болған. Олардың бойы жылқыдан аласалау, денесі тығыршықтай томпақ, түстері құла және көк болып келеді. Ал, қазақ жылқысының ерекшеліктері – басы үлкен, маңдайы ойыстау, қалың жақты, дөңес мұрынды, мойны шомбалдау, қысқа, көздері мен құлақтары кішкентай. Шоқтығы биік, шабы қысқа, кең сауырлы, қылқұйрығы төмендеу орналасқан.

Сонымен бірге бойы аласалау, дене мүшелері аса ірі болмаған, бірақ, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері тығыз болып келген. Ол ауа райының құбылмалылығына төзімді, жем-шөп талғамайды, үнемі далада, тебінде, жайылымда жүріп күнелтеді. Бұрынғы қазақ жылқысы отыз жасқа дейін жасаған деген болжам бар. Ал, аттың жүйрігі жиырма жасқа дейін бәйгеге шауыпты. Сондай-ақ, жылқы адам денсаулығын нығайтуда да үлкен рөл атқарады. Оның сүтін айтпаса да, үстінде серуендегеннің өзі мың да бір ауруға ем. Жылқы үстіндегі серуен – әлемнің көптеген елінде ең тиімді емдік тәсіл ретінде қолданылады. Ат үстінде отырып, баяу серуендеген уақытта адам денесінде минутына жүз шайқау импульсі беріледі.

Сөйтіп, адамның барлық бұлшық еті жұмыс істейді. Бұл жылқының емдік қасиетінің физикалық қыры болса, екіншісі – эмоционалдық сипат. Мәселен, кез келген адам жануарды жақсы көреді. Онымен сөйлеседі, сырласады, атпен серуендегенде көңілі көтеріледі. Ат үстінде жүрген адам айналасына жоғарыдан қарайды. Сол арқылы оның өз-өзіне деген сенімділігі артады. Сенім мен көтеріңкі көңіл-күй адам денсаулығының нығайуына үлкен септігін тигізеді. Осылайша жылқы малының екі емдік қасиеті бірлескен кезде көптеген сырқатқа шипа. Мұның ішінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы, психиканың баяу дамуы, даун синдромы, остеохондроз, склероз, артроз, омыртқаның қисаюы, жүрек-қан-тамыр аурулары да бар. Тибет медицинасында жылқыны түсте көру де шипа болып есептеледі екен. Қазақ халқы салауатты өмір салтын қалыптастыруда жылқыны спорттық ойындарға да пайдаланған.

Мәселен, аламан бәйге, бәйге, құнан бәйге, жорға жарыс, көкпар, аударыспақ, ат омырауластыру, ат үстінен тартыс, жамбы ату, қыз қуу, салма ілу, күміс ілу сынды ойын түрі қазақ жігітінің мерейін үстем етіп, сал-серілік пен сәнділіктің шырайын келтірген. Бұл үрдіс қазір де жалғасуда. “Жылқы сәндік үшін, түйе байлық үшін” деген мақал осыны меңзесе керек. Сондай-ақ, жылқы сүті адам денсаулығы үшін маңызы зор. Бұл сусын өкпе ауруларына, әсіресе, туберкулезге қарсы қолданылатыны ерте кезден-ақ белгілі болған. Құрамында А, В1, В12, Д, Е, С дәрумені бар қымыз гастрит, холецистит, бауыр және өт жолдары ауруларына, энтерит пен энтероколиттің асқынған түрлеріне, жүрек қантамырлары, жүйке және асқорыту жүйелеріне, қан айналымы, қан аздық, тоқішек пен асқазандағы жараға да ем болатыны анықталған.

«Біздің асыл дүниеміз бір ғана жылқымыз, – деп жазады Мұхаммед Хайдар Дулат. Сондай-ақ, оның еті – тамсана жейтін асымыз, қымызы – сүйетін шәрбатымыз, қызық көретініміз – өрістегі жылқымыз»,–дейді. Халықтың жылқы малына қатысты осындай ерекше ықыласы, кең байтақ жайылымдардың болуы, жылқының қыста тебініп өзі жайыла алатындығы қазақ даласында бұл түліктің көп өсірілуіне себеп болған. Мәселен, 1880 жылы Австрия-Венгрияда 3,5 млн., Германияда 3,3 млн., Францияда 3,0 млн. жылқы болса, 1879 жылы Қазақстанның бір ғана Орынбор облысында 1,8 млн. жылқы болыпты. Жиырмасыншы ғасыр басындағы нәубеттен кейін 1920 жылы Қазақстанда 8 млн.-нан астам жылқы қалғандығы туралы ресми дерек бар. Шын мәнінде, ұлттық байлық саналған осыншама жылқы Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарына қырғынға ұшырапты.

Осыдан біраз жыл бұрын елімізде бес миллионнан астам жылқы болса, қазір бұл көрсеткіш небары бір жарым миллионға әзер жетеді. Қазіргі кезде оның көбі – жекеменшіктің қолында. Жылына бұлардан 40 мың тоннадан астам ет, 35 мың тоннаға жуық қымыз өндіріледі. Бұрнағы жылдары жылқы тұқымын асылдандыратын шаруашылық Қазақстанның әр облысында болса, ал, қазір мұндай шаруашылық жоқтың қасы деуге болады. Қазір Қазақстанда жылқының жоғарғы өнімді тұқымдары өсірілуде. Олар негізінен, ет және қымыз өндіруге мамандандырылған шаруашылықтарда және асыл тұқымды жылқы өсіретін зауыттарда бағылады. Соның ішінде салт мінетін, жегілетін Қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы Көшім, жаңадан шығарылған Мұғалжар жылқысы бүкіл елге мәлім.

Қазақтың кең байтақ жайылымы бар алқап жылқы шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы. Жыл бойы жайылым мен тебінде жайылған жылқы өнімінің сапалы болатыны да рас.  Өйткені, олар иен далада жайылғандықтан, экологиялық таза табиғи шөптер жейді. Бұл жылқының денсаулығының мықты болуына және құлындау қасиетінің артуына жақсы әсер етеді. Бүгінде еліміз асыл тұқымды жылқы өсіру, одан ет, сүт өнімдерін өндіру, спортта пайдалану бағытында дамытуға көңіл бөліп келеді.

Сондықтан кенжелеп қалған жылқы шаруашылығын жандандыру әрдайым назарда. Жылқы малы әлі күнге дейін ауыл шаруашылығы істерінде көлік ретінде қолданылады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттары және соңғы уақытта жеке азаматтар, шаруашылықтар айналысады. Сол себепті Үкімет жылқы өсірумен айналысатындарды назардан тыс қалдырмақ емес.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

01.07.2026
«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

01.07.2026
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

01.07.2026
Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

Құқықтық мемлекет тірегі

01.07.2026
Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

01.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.