Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда алты тұрғын баспаналы болды

Жетісу облысының орталығында осыған дейін апатты деп танылған ескі үйлерде тұрып келген алты тұрғын баспаналы болды. Оларға Республика күні қарсаңында Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы «Жастар-1», «Құлагер» және «Шығыс» шағын аудандарынан бір, екі және үш бөлмелі жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті.

24 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда алты тұрғын баспаналы болды
WhatsAppTelegramFacebook

Сала мамандарының мәліметінше, «2022–2025 жылдарға арналған Реновация» бағдарламасы аясында 2022 жылы қала бойынша 19 үй, яғни 125 пәтер апатты деп танылған. Осыдан кейін аталған бағдарлама шеңберінде апатты үйлерде тұрып келген 100 отбасына екінші нарықтағы тұрғын үйлер сатып әперілген болатын. Биыл ескі баспанада тұрып келген 20 отбасыға жаңа пәтер беру жоспарланған. Олардың бесеуі қыркүйек айында Қала күніне орай баспаналы болса, енді, міне, Республика күні қарсаңында тағы алты отбасы қоныс тойын тойлауда. Қалған тоғыз отбасы жыл соңына дейін жаңа пәтермен қамтамасыз етілмек.

Мерекеге орай жаңа баспана кілтін табыстау салтанатында сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы аталған алты отбасының тұрғындарын жүрекжарды қуаныштарымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Бұған дейін апатты деп танылған баспаналарда тұратын тұрғындарға тек екінші нарықтағы тұрғын үйлер ғана беріліп келген болатын. Енді облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес, апатты баспанада тұратын азаматтарға бұдан былай жаңа пәтерлер берілетін болады. Қоныстарыңыз құтты, босағаларыңыз берік болсын, – деді шаһар басшысы.

Қала әкімінің сөзінше, мұндай игілікті іс бұдан былай да жалғасын тауып, келер жылы аталмыш бағдарлама аясында апатты деп танылған баспаналарда тұратын 30 отбасыға жаңа пәтер берілмек.

                                                                                                                                     Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30
Елімізде 160 тоннаға арналған қосымша бактар әшкереленді

Елімізде 160 тоннаға арналған қосымша бактар әшкереленді

Бүгін, 11:05
Отбасының цифрлық картасы азаматтардың әл-ауқатын қалай бағалайды?

Отбасының цифрлық картасы азаматтардың әл-ауқатын қалай бағалайды?

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.