Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Александр Заруцкий команда келісімшартын ұзартпайтыны туралы тараған ақпаратқа жауап берді, –деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін AmanVIBE Telegram-арнасында Заруцкийге қатысты мәлімет жарияланған болатын. Онда «Қазақстан чемпионы атанған „Қайрат“ тәжірибелі қақпашысымен келісімшарт ұзартпауы мүмкін. Александр маусымды негізгі қақпашы ретінде бастағанымен, жарақат алып, кейін құрамдағы орнын Темірлан Анарбековке берді. Команда енді оған үлкен сенім артып отыр» делінген.
Бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен тараған соң, Александр Заруцкий әлеуметтік желіде өз жауабын берді.
«Хайп үшін көпшілік жалған ақпарат таратуға да дайын. Хайп ар-намыстан да маңызды болып тұрғаны», – деп жазды футболшы Instagram парақшасында.





