Талдықорған: +13°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Ардагерлер – ардағым

30.10.2025
ӘЛЕУМЕТ
Ардагерлер – ардағым
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымызда Жаратқаннан тілек тілегенде айтылатын «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген жақсы бір тұжырым бар емес пе? Байыптап қараған адамға мұның астарында үлкен бір мән-мағына жатқаны аңғарылады.

Бұл жердегі әңгіме жалғыз зейнетақы мәселесіне келіп тірелмесе керек. Олай дейтініміз – өз отбасыңның, әулетіңнің қадір-құрметімен қатар айналаңдағы адамдардан, жалпы қоғамнан қолдау көріп, олардың қадірлеуін сезіну де осы түсініктің аясындағы мәселелерге жатады. Қарияларды қанаттандыра түсетін осынау жайттарға орай Жетісу облысында, соның ішінде Талдықорған қаласында айтарлықтай жемісті жұмыстар атқарылып келеді.

Ең алдымен, қаламыздағы Ардагерлер үйінің 13 жылдан астам уақыт бойы жемісті жұмыс істеп келе жатқанын айта кетейік. Содан бергі уақытта бұл қатарға 2 бірдей белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қосылып, қазына қарттардың бос уақыттарын көңілді де мазмұнды өткізуге болатын жерлері молая түсті. Ардагерлердің ұсынысымен, облыс әкімінің қолдауымен ашылған орталықтың бірі – 2024 жылдың бастапқы кезеңінен жұмыс істей бастады.

Бүгінде Ардагерлер үйінде «Қарттардың да өнерге бар таласы» айдарымен батагөйлер мен әншілер байқауы, қолөнер шеберлерінің конкурстары, түрлі тақырыптағы жыр мүшәйралары жиі өткізіліп тұрады. Жарыс жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан марапатталып, ынталандырылып тұратындықтан мұндай шараларға қатысушылардың қатары уақыт өткен сайын молая түсіп келеді.

Айрықша атап өтерлігі – аталған шараларды өткізу барысында қариялардың талап-тілектері ескеріліп, соған орай бағдарламаға өзгерістер де енгізіліп тұрады. Мәселен, жазба ақындар мүшәйраларын өткізу барысында қарттар тарапынан мұндай жыр бәйгелеріне өлең кітаптары шыққан, яғни оқырманға белгілі болып қалған ақындар қатыстырылмаса деген ұсыныс түсті. Сараптай келе бұл ұсыныс та қолдау тауып, өлеңге таласы бар қарапайым қарттар арасында бөлек мүшәйра ұйымдастырылды.

Ардагерлер үйінде шахмат пен дойбы, тоғызқұмалақ пен бильярд тәрізді спорт түрлерінен де жарыстар жиі өткізіледі. Мұндай ойындарды белсенді өмір сүру орталықтарында күнделікті ойнап отыруға да мүмкіндіктер бар.

Осы орталықта қариялар арнайы мамандардың бақылауында скандинавиялық серуендеу, емдік дене шынықтырумен, иогамен, фитнеспен, шығыс билерімен айналыса алады. Бұл үшін мұнда арнайы жаттығу залы мен тігін цехы да ұйымдастырылған. Заманауи техниканы, соның ішінде ұялы телефонды жеткілікті меңгергісі келетіндер үшін «Смартфонда жұмыс істеу негіздері» сабағы өтіп тұрады. Ардагерлер арнайы тізім бойынша бассейнге де тегін түсіп, денсаулықтарын нығайта алады.

Қолөнер, әншілік өнерге, қаржылық сауаттылық пен актерлік шеберлікке қызығушылар да күнделікті аталған ғимаратқа асығады. Замана талабы – мемлекеттік тілді меңгергісі келетін замандастарымызға да барлық жағдай жасалған.

Дария кеуде, тау мүсін қарияларымыздың барлық қажеттіліктері ескерілген, денсаулықтары да тұрақты бақылауда болатын бұл орталыққа келушілер саны бүгінде 800-ден асты. Мекеме ұжымы болса, ондай әрбір келушінің көңілінен шығып, мінсіз қызмет көрсетуге құлшынып тұрады.

Сөз орайы келгенде Талдықорған қаласының аумағында бүгінде 27 мыңнан астам зейнеткердің тұратынын, ал ардагерлер ұйымының жұмысына 4500-дей ардагердің тартылып отырғанын да айта кетейік.

Мұның бәрі, әрине, ең алдымен көзге шалынатын шаралар. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков жетекшілік ететін ұйым тарапынан атқарылып жатқан өзге де игілікті істер аз емес. Солардың бастыларына тоқталар болсақ, қала мектептерінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіттің бастамасымен қолға алынған «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы жүйелі жүзеге асырылып келеді. Өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен патриотизмге, ата-баба дәстүрін қадірлеп, құрметтеуге баулитын осынау бағдарлама аясында мектептердің ұстаздар қауымы тәрбие сағаттарын өткізіп, аталған тақырып бойынша жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Ардагерлер кеңесінде құрылған әділқазылар алқасы бұл орайдағы іс-шаралардың барлығына баға беріп, жүлдегер мектептердің ұжымдары оқу жылының соңында марапатталып отырады.

Ардагерлер ұйымы аталған шараның аясын кеңейту мақсатында білім беру саласы ардагерлері орталығымен бірлесе отырып «Даналық мектебі» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыра бастады. Бұл бағдарлама да жаңағыдай тәрбие сағаттарына әр салада еңбек етіп, ел құрметіне бөленіп жүрген абыз ақсақалдарды қатыстыра отырып жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруді мақсат етеді.

Қалалық әжелер кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз Данагүл Сейітқұлованың ұйытқы болуымен өткізіліп тұратын «Әже мен немере», «Дана ене, дара келін» байқауларына да ақжаулықты әжелер мен желегі желбіреген жас келіндер, балдырған бөбектер белсене қатысады.

Қариялардың өскелең өмір талабына сай ұсыныс-тілектерін ескере отырып тарихи-мәдени нысандарға саяхаттар жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады. Нақтырақ айтатын болсақ, қарттарымыз облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Қаратал ауданындағы әулие бабалар кесенелері мен Кербұлақ ауданындағы Шоқан Уәлиханов мұражайына, қасиетті Түркістан қаласы мен ұлы Абайдың туып-өскен өңіріне, ақын Сара кесенесіне барып қайтты.

Кезінде облыстық, қалалық ардагерлер ұйымының бастамасы облыс әкімі тарапынан қолдау тауып, екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновке ескерткіш бюст орнатылған болатын. Осынау игілікті істің аясын кеңейте түсу мақсатында ардагерлер аталған ескерткіштің маңына өзге де Еңбек Ерлерінің бюсттерін орнатып, тұтас бір «Батырлар аллеясын» жасауды ұсынды. Қазіргі кезде облыс пен қала әкімдері бұл ұсынысты қарау үстінде.

Еліміздің әр өңіріндегі сияқты Талдықорған қаласында да ғибратты ғұмыр кешіп, өмірден өткен белгілі тұлғалар баршылық. Сондай азаматтарымыздың есімдерін есте қалдырып, кейінгі ұрпаққа ұлағат ету жайы да назардан тыс қалған жоқ. Бұл орайда да облыс, қала әкімдерінің әрбір ұсынысымызға қолдау білдіріп, көмек қолын созып отырғанын айту лазым.

Сондай игі шаралардың бірі – өмірден өткен тұлғалардың кезінде тірлік кешкен үйлерінің қабырғаларына мемориалды тақталар орнату болатын. Бұл орайда да айтарлықтай жұмыстар атқарылғанын айта кетейік. Нақты мысалмен сөйлейтін болсақ, елімізге белгілі сатира саңлағы, марқұм Тұрлыхан Кәрім тұрған үйге осы тамыз айында мемориалдық тақта орнатылды.

Жыл сайын қайта айналып келіп отыратын, әсіресе ардагерлер арасында кеңінен аталып өтетін Қарттар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге де көп көңіл бөлінеді. Ардагерлер ұйымдарының басшылары бұл күні қазына қарияларды құттықтап қана қоймай оларға материалдық тұрғыда көмектер де ұйымдастырып, барынша қолдау көрсетеді. Ортақ іске кәсіпкер азаматтар да көптеп қатысады.

Бұл орайда облыстық, қалалық ардагерлер ұйымдарының ұсынысымен, облыс әкімінің қолдауымен 9 мамыр мерекесіне орай «Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» атты кітап шығарылғанын атап өтуге болады. Аталған жинақта Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, болашақ үшін жан қиған, ел ішіне абыроймен оралған майдангерлер жайында мол дерек қамтылған.

Сөз арасында осынау игілікті істердің барлығын қалалық ұйым құрамында құрылған 5 салалық орталық пен 6 аймақтық филиалдың жүйелі атқарып отыратынын атай кетейік. Осы жерде еліміз бойынша алғаш рет құрылып отырған салалық орталықтар жайында айта кететін болсақ, мұндай орталықтардың жетекшілігіне әр сала бойынша жемісті еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагерлер белгіленеді. Мәселен, 65 бастауыш ұйымнан тұратын білім саласы ардагерлерінің орталығына ұлағатты ұстаз Болат Тұрысбеков жетекшілік етсе, 24 бастауыш ұйымнан құралған денсаулық сақтау саласы ардагерлері орталығын Тілеуберді Жансеңгіров басқарады. Сол сияқты спорт, мәдениет саласы, мемлекеттік және кәсіпкерлік мекемелері ардагерлері орталықтарының жұмысын өз саласының білікті мамандары Әсия Мұхаметжанқызы мен Бақберген Асқарбеков, Саймасай Әлмұхамбетовтер жүргізіп отырады.

Қаладағы «Самал» мен «Ғарышкер», «Мұрагер», «Өтенай», «Еркін» және «Қаратал» филиалдары белсенділіктерімен танылса, сондай филиалдардың басшылары Қаламқас Тұрлығұлова, Нұртай Шынғожанова, Білімбек Қасенов, Паруза Байысова, Беделбек Сүлейменов, Тортай Ізбасқановтар өз аймақтарындағы ардагерлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Ардагерлер ұйымдары өткізген іс-шараларға белсене қатысып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда үлгі-өнеге танытып жүрген тәлімгерлер Мұрат Халық пен Айдарбек Жантайлақов, Жексенбай Жетпісбаев, Нұртай Қыдырәлі, Хания Есдәулетова, Серікбек Балқыбеков, Бердібек Нүсіпов, Шайбала Тергеуова, Құрмаш Исмаилов, Нәзипа Сағатбековалар әрдайым алдыңғы қатардан көрініп келеді.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбековтің жетекшілігімен өтетін іс-шараларға төрағаның орынбасары Мұратбек Қожабеков пен әдістеме бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Кәрімова, жауапты хатшылар Балғаным Боранбаева мен Серік Базарбаевтар белсене араласады.
Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да жүйелі жалғаса бермек.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
Қазақстанның Құрметті журналисі

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» финалдың бірінші күні жеңіске жетті

«Жетісу» финалдың бірінші күні жеңіске жетті

11.04.2026
IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

10.04.2026
Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

10.04.2026
Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

10.04.2026
QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

10.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.