Талдықорған: +15°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Атқарылған іс ауқымды, кемшілік те жоқ емес

Күре жол бойында орналасқан киелі мекеннің бүгінгі бет-бейнесі, халқының әлеуметтік тұрмысы біршама жақсарған. Өндірісті өңірдің тыныс-тіршілігінің өсу деңгейін еліміздің даму көрсеткіштеріне қосқан үлесі арқылы да бағамдауға болады. Десе де жүзеге асырылатын іс шаш етектен. Біржылдық жұмыстың нәтижесін бағалаған облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ көксулық тұрғындармен кездесті. Аймақ басшысының іссапары Балпық би ауылындағы Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орталық саябақты көркейту жұмысымен танысудан басталды.

01.11.2025
ӘЛЕУМЕТ
Атқарылған іс ауқымды, кемшілік те жоқ емес

Жеңіс ЫСҚАБАЙ

WhatsAppTelegramFacebook

1954 жылы ашылған көлемі 6 гектар саябаққа 2017 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мұнда «Мәңгілік алау» және Ауған жауынгерлеріне арналған монумент және белгілі тұлғалардың ескерткіштері орналасқан. Балалар ойын алаңы, баскетбол, волейбол және футбол алаңдары, жаяу жүргіншілер жолы, түрлі демалыс орындары, заманауи түнгі жарық шамдар орнатылған. Енді саябақ Мемлекет басшысының тапсырмасына орай заман талабына сай жаңартылмақ. Облыс әкімі саябақтың бас жоспарымен танысып, аудан әкіміне жұмыстың толық атқарылуын тікелей назарға алуды тапсырды.

Облыс әкімі ауданда күні кеше ғана мамандарға берілген Балпық би ауылында орналасқан 20 пәтерлі тұрғын үйге ат басын бұрды. Ауданға жұмыс істеуге келген мамандарға, негізінен дәрігерлер мен мұғалімдерге және басқа да сала мамандарына берілген баспана кадр тапшылығын шешу мақсатында салынған болатын. Қоныстанушылардың қатарында 15 дәрігер, 4 мұғалім және бір полицей маманы бар. Соңғы 3 жылда ауданға түрлі сала бойынша 55 дәрігер келген. Олардың алаңсыз жұмыс істеуіне барлық жағдай қарастырылған. 10 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы беріліп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қолдау көрсетілуде.

Атқарылған жұмыс сапасымен, абаттандырылу жайымен танысқан Бейбіт Исабаев:

– Осы үйді салу туралы шешім қабылдағанымызда, ауданға бір жылдың ішінде бірден 20-ға жуық дәрігер келген еді. Сондықтан дәрігер тапшылығы мәселесін шешу үшін оларға қолайлы жағдай жасау қажет болды. Тұрғын үйге мұқтаж дәрігерлер, мұғалімдер, полиция қызметкері енді осы үйден қызметтік пәтер алды. Бұл шағынауданның болашағы зор. Қазір мұнда жеке тұрғын үйлер салынып жатыр, сонымен қатар, тағы көпқабатты 7-8 үй салуға мүмкіндік бар. Соған байланысты шағынауданда абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі. Ең алдымен, жасыл желектерді тұрақты суару үшін автоматты суару жүйесін орнату керек, – деді. 

Облыс әкімінің жұмыс сапары аудан халқын жеке мәселелері бойынша қабылдауымен жалғасты. Мұнда аудан тұрғындары қара бастың қамын емес, елдің қамын ойлап келген екен. Жеке қабылдауға келген тұрғындар Қызылтоған ауылы, Лабилданов көшесіне түнгі жарық шамдарын орнатуды, Балпық би кенті С. Сейфуллин көшесі №32, 33 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласына жаңа балалар ойын алаңын салып беруді және Т. Нүсіпов шағынауданындағы екіқабатты 5 үйдің шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мәселелерді көтерді. Облыс басшылығы бұл сұрақтардың шешімі заң аясында шешілетінін жеткізді.

ЖЕТІСТІК ЖЕЛПІНТЕДІ

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру мақсатында нақты 7 міндет жүктеді. Жолдауда айтылған ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, транзит, туризм және инвестиция сияқты салаларды дамыту облыс үшін аса маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстар Көксу ауданында тиісті деңгейде атқарылуда.

Көксу ауданы – ауыл шаруашылық саласын дамытуға қолайлы, аграрлық бағыттағы өңір. Аудандағы барлық егіс алқабы 30,7 мың гектарды құрайды. Оның 8,8 мың гектарына бидай және арпа егіліп, толық орылып, 17,7 мың тонна астық бастырылды. 1,8 мың гектар жүгерінің 1,4 мың гектары орылып, 12,5 мың тонна өнім жиналды. Себілген 11,5 мың гектар май бұршақтың 8 мың гектары жиналып, 18,3 мың тонна өнім алынды. Ауыл шаруашылық саласына мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, субсидиялар, жеңілдетілген несиелер берілуде.

Диқаншылар осы мүмкіндіктерді пайдаланып, Үкіметтің қолдауымен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-дан 47 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

Ауданда ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруге үлес қосып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған үш ірі кәсіпорын бар. Соның бірі – Көксу қант зауыты. Мұнда қазіргі таңда шикізат қабылдау және өңдеу жұмыстары басталып кетті. Зауыттың қуаттылығын арттыру мақсатында қайта жаңғырту жұмыстары 2027 жылы толығымен аяқталып, зауыт қуаттылығы тәулігіне 5 мың тоннаға дейін жеткізіледі деген жоспар бар. Ал майлы дақылдарды өңдейтін «Уыз Май Индастри» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы 53 мың тоннаға жетті. Аталған серіктестік 10,5 мың тонна майбұршақ қабылдап, оның 2,2 мың тоннасын қайта өңдеуден өткізді. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауылындағы «Koksu S&M Company» ЖШС сүт зауыты жылына 12 мың тонна сүт өңдейді. Шикізатты Көксу, Кербұлақ, Ескелді аудандарынан алады.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруге үлес қосып жатқан «Green Horizon Enterprises» цехын да атап өтсек болады. Ақпан айында іске қосылған цех тәулігіне 40 тонна сүт өнімдерін өндіреді. Ал құны 14 млрд. теңге болатын «Beles Agro KZ» ЖШС-нің құс етін өндіретін инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Мұның қуаттылығы жылына 15 мың тонна өнім болмақ. Облыс әкімі аталған кәсіпорындар жұмысының жүйелі атқарылуын, жақсы өнім беруін аудан әкіміне тиісті басқармалармен бірлесіп, жалғастыруды тапсырды.

ЖОСПАР ЖҮЙЕЛІ ОРЫНДАЛУЫ КЕРЕК

Аудандағы суармалы жерлерді тиімді пайдалану үшін су шаруашылығы нысандарын жаңғыртуға да ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта Ислам Даму Банкінің қаражаты есебінен 22,8 млрд. теңгеге «Көксу ауданының суару желілерін қайта жаңарту жобасы» 2027 жылы толық аяқталады.

Биыл 5 мың 63 гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланған. Тамшылатып суару жоспар бойынша 2 763 гектар болса, жаңбырлатып суару 2 300 гектарға жоспарланған. Алайда, жоспар толық орындалмаған. Жаңа әдіс тек 2 640 гектар жерде қолданылуда. Жаңа технологияны пайдаланған шаруалардың шығындарын өтеу мемлекет тарапынан 80%-ға дейін субсидиялануда. Бұл диқаншыларға үлкен көмек. Олар технологияны пайдаланған жағдайда су үнемделеді және өнімдері де мол болады. Аймақ басшысы аудан әкіміне ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, қазірден бастап шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуді жүйелі түрде атқару керектігін тапсырды.

Жиында ветеринария саласындағы ілкімді істер де назардан тыс қалмады. Мәселен, ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру мақсатында соңғы 2 жылда Қаблиса, Алғабас, Еңбекші, Мұқаншы, Мұсабек, Жарлыөзек, Айнабұлақ, Балпық би елді мекендерінде блокты-модульді ветеринариялық пункттер орнатылып, 4 автокөлік сатып алынды.

Аудандағы күрделі мәселенің бірі – жер. Облыс басшысының айтуынша, соңғы 3 жылда пайдаланбай жатқан 46,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

– Бүгінгі күнге қайтарылған жерлердің 30,2 мың гектары айналымға қайта берілді. Биыл 41 учаскені құрайтын 3 конкурс ұйымдастырылып 6,4 мың гектар жер табысталды. Қайтарылған жердің қалған 16,7 мың гектары фермер қожалығымен айналысамын деген азаматтарға конкурс арқылы 2026 жылдың 1-жартыжылдығына дейін беріледі. Енді аудан әкімі конкурстық рәсімдерді заң аясында, ашық әрі әділ өткізуі керек. Пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандырып, қайтарылған жерлерді келесі жылдың 1-жартыжылдығында айналымға енгізуді тапсырамын, – деді облыс әкімі.

Аудан әкімдігі 2025-2028 жылдары жалпы құны 29,4 млрд. теңге болатын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 542 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлаған. Алайда бүгінге тек «Бекзат» ЖШС-нің ГЭС бойынша жобасы және «Beles Agro KZ» ЖШС құс фабрикасы ғана белсенді жұмыс жүргізуде.

– Дәулет Кенжеханұлы, инвестициялық жобаларды әзірлегенде тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізіп, олардың техникалық және экономикалық орындылығын қарап, нақты орындалатын жобаларды іске асыру қажет. Себебі, алдыңғы жоспарланған инвестициялық жобалардан «Көксу СЭС» ЖШС, «Шаңырақ СЭС» ЖШС басшылығы жобаны іске асырудан бас тартқан. Себебі қаражаты жоқ. Ал «BSK KOKSU» ЖШС мүлдем жер қойнауын пайдалану бойынша лицензиясынан айырылып қалған. Жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін барлық ресурсты қарастырып, жоспарды толық әрі нәтижелі орындау керек, – деп атап өтті аймақ басшысы.

ӨМІР СҮРУ САПАСЫ АРТУДА

Есеп беру жиынында аудан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралар мен әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарына баса назар аударылды. Бейбіт Исабаевтың айтуынша, шағын және орта бизнесті дамыту – экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Мәселен, ауданда жұмыс істеп тұрған 4,5 мыңнан астам бизнес субъектісі бар, онда 6,5 мың адам жұмыспен қамтылған. 1-қазандағы жағдай бойынша кәсіпкерлікті қаржылай қолдау аясында 1,9 млрд. теңгеге 10 жоба қаржыландырылды.

Ауданда тұрғын үймен қамтамасыз ету өзекті мәселе. Себебі үй кезегінде тұрған азаматтар саны 1884 адам. Бұл мақсатта кезең-кезеңімен нақты шаралар қабылдануда. Мәселен, Мәмбет ауылында жеке тұрғын үй салу үшін 100 жер учаскесіне инженерлік желілер салынған. Жыл соңына дейін әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға салынып жатқан 90 жеке тұрғын үй бітіп, беріледі.

– Аудандағы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде 2022-2024 жылдары 175 үй, биыл 110 үй беріліп, тұрғын үй кезегі 5,8%-ға қысқаратын болады. Жоспар бойынша бұл көрсеткіш екі есе көп болу керек еді. Облыс тарапынан қаражат толығымен бөлінсе де аудан басшылығының салғырттығынан Балпық би ауылында құны 2,2 млрд. теңге болатын екі 60 пәтерлі несиелік үйдің құрылысы 2025 жылдың қараша айынан 2026 жылдың маусым айына шегерілді. Дәулет Кенжеханұлы, ауданда тұрғын үй мәселесі өзекті екендігін білесіз, оның үстіне, 2 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Өзіңіз сұраған соң қаражат толығымен бөлінді. Жобалау-сметалық құжаттамасы дұрыс жасалмаған, жоба барысын бақылауда ұстамағансыз. Енді мұндай олқылық орын алмауы керек, – деген аймақ басшысы алдағы уақытта салғырттыққа жол бермеу керектігін ескертті.

Аудан халқымен өткен кездесуде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының 8 рет өртенгені де назарға алынды. Бұл мәселе жұрттың наразылығын тудырып, қоршаған ортаға экологиялық зиян келтіргенін айтқан облыс әкімі кемшілікті тез арада жоюды тапсырды.
Көксу ауданындағы 34 елді мекеннің 26-сы өңірлік схемаға сай газдандыруға жатады, бүгінгі күнге оның 25-іне газ тартылған, яғни 40 мың адамның көгілдір отынға қол жеткізуіне мүмкіндік жасалған. Бұл ретте Нәдірізбек ауылындағы құрылыс жұмыстары, сол сияқты Балпық би ауылындағы газбен қамтылмай қалған көпқабатты тұрғын үйлерге құбыр тарту ісі аяқталуға жақын.

Ауданда негізгі инфрақұрылымдарды, соның ішінде газдандыру, ауызсу жүйесін жаңғырту, жол сапасын жақсарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Мәселен, тұрғындардың сұрауы бойынша Айнабұлақ ауылына кіреберіс жолда орналасқан көпір қайта жаңғыртылуда, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Биыл Алғабас ауылына кіреберіс 3,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қараша айында пайдалануға беріледі. Көксу бекеті, Алғабас, Қаратал, Кеңарал, Бесқайнар, Жетіжал, Нәдірізбек, Балпық би, Заречный, Айнабұлақ елді мекендерінің ауылішілік 22 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінді.

– Биыл Көксу бекетінде сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту мен салу жұмыстарын аяқтаймыз. З. Тамшыбай ауылында құбырлардың тозуына байланысты сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту мен салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Бұл шараның барлығы аудан халқының әл-ауқатын арттырып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған, – деді Б. Исабаев.

Кездесуде аудан тұрғындары өздерін толғандырған басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. Екі мыңнан астам адам тұратын З. Тамшыбай ауылында тұрғындарды көптен бері ауызсу мәселесі алаңдатып келеді. Себебі, 1970 жылдары салынған су құбыры желілері әбден ескіріп, апаттар мен судың уақытша тоқтап қалуына жиі себеп болуда. Жауапты мамандар ауылдың сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және жаңа желілер салудың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалғанын айтты. Жобаны жүзеге асыру келесі жылға жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Мәмбет ауылында жеке тұрғын үй салуға арналған 100 жер учаскесіне инженерлік желілер тартылғанын тілге тиек еткен ауыл тұрғыны енді осы шағын ауданның абаттандырылуы қашан жүзеге асатынын сұрады. Бұл ретте өңір басшысы аталған аумақты абаттандыру жоспарда бар екенін, оған жол салу, көше жарығын орнату және басқа да жұмыстар кіретінін жеткізді. «Koksu S&M Company» ЖШС сүт зауытының директоры кәсіпорынға кәріз жүйесін тарту үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында қолдау көрсетуді сұрады. Қазір бұл кәсіпорында 60 адам жұмыс істейді, ал өндірілетін өнім көлемі жылына 1,5 миллиард теңгеге жетеді. Бұған дейін мемлекеттік қолдау арқылы зауытқа газ тартылған. Ал кәріз желілеріне қатысты мәселені аудан әкіміне егжей-тегжейлі қарау тапсырылды.

Жиын соңында Бейбіт Исабаев аудан әкімі Дәулет Халеловке бөлінген бюджет қаражатын уақытылы, сапалы игеруді, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орын алған кемшіліктерді жою жөнінде нақты шаралар қабылдауды міндеттеді.

Айтылды – ОРЫНДАЛДЫ

2024 жылы облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВТЫҢ аудан тұрғындарымен кездесуінде 3 мәселе көтерілді. Бүгінде аталмыш мәселелердің біреуі орындалды, 2 мәселе жұмыс барысында. Салтанат Абдрахманованың Балпық би ауылына түнгі көше жарық шамдарын орнату туралы өтініші оң шешімін тапты. Ауыл көшелеріне 238,7 млн. теңгеге жарықтандыру бағандары орнатылды.

Айнагүл Байсақованың Көксу бекетінде Мәдениет үйін және Сайлаубек Қонқақовтың Мұсабек ауылдық округіне әкімдік ғимаратын салу мәселелері мемлекеттік органдардың жаңа әкімшілік ғимараттарын, сонымен қатар, мәдениет ұйымдарының жаңа нысандарын салуға және сатып алуға Үкіметтің қаулысымен мораторий енгізілуіне байланысты кейінге шегерілді. Мораторий аяқталғаннан кейін бұл мәселе кезек күттірмей шешілетін болады.

 

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

10.04.2026
Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

10.04.2026
Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

10.04.2026
QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

10.04.2026
Астана – Талдықорған бағытында тікелей теміржол рейсі іске қосылды

Астана – Талдықорған бағытында тікелей теміржол рейсі іске қосылды

10.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.