Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда құс етін өндіретін жаңа кәсіпорын ашылады

4 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда құс етін өндіретін жаңа кәсіпорын ашылады

pro-force.co.uk

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының Көксу ауданында жұмыс істеп тұрған ксәпорынның қуатын арттыру және жаңа жобаларды қолға алудың арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі көтеріледі. Атап айтқанда, Көксу қант зауытын қайта жаңғыртудың нәтижесінде оның өңдеу қуаттылығы тәулігіне 5 мың тоннаға жеткізілсе, алдағы жылдарда құс етін өндіретін «Beles Agro KZ» ЖШС-нің қуаты жылына 15 мың тонна болатын инвестициялық жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Көксу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды.

Ауданда ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруге үлес қосып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған үш ірі кәсіпорын бар. Атап айтқанда, оның алғашқысы бүгінгі күні шикізат қабылдау және өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Көксу қант зауыты болса, екіншісі майлы дақылдарды өңдейтін «Уыз Май Индастри» ЖШС, қазіргі кезде серіктестік 10,5 мың тонна майбұршақ қабылдап, оның 2,2 мың тоннасын қайта өңдеуден өткізді. Ал үшіншісі – Еңбекшіқазақ ауылындағы «Көксу СМ» сүт зауыты («Арқабаев» ЖК). Кәсіпорын жылына 12 мың тонна сүт өңдейді. Шикізатты Көксу, Кербұлақ, Ескелді аудандарынан алады.

Жеңіс Ысқабай

— Біздің мақсатымыз – ауданда өндірілген өнімді қайта өңдеу үлесін көтеру. Бұл бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, ақпан айында тәулігіне 40 тонна сүт өнімдерін өндіретін «Green Horizon Enterprises» цехы іске қосылды. Сондай-ақ құны 14 млрд. теңге болатын «Beles Agro KZ» ЖШС-нің құс етін өндіретін жобасы жүзеге асырылуда. Осы орайда аудан әкіміне тиісті басқармалармен бірлесіп, өңдеу саласына инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырамын, — деді Б. Исабаев.

Атап өтсек, биылғы тоғыз айда Көксу ауданының экономикасына 13,6 млрд. теңге инвестиция тартылған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.