Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қысқы маусым: автокөлік шиналарын таңдағанда неге мән беру керек

5 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Қысқы маусым: автокөлік шиналарын таңдағанда неге мән беру керек

Фото: ҚазАвтоЖол

WhatsAppTelegramFacebook

Қыс мезгілінде көлік жүргізушілерінің басты назарында болуы тиіс мәселенің бірі – қысқы шиналарды уақтылы және дұрыс таңдау. Бұл – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі.

Бұл туралы 7-su.kz ақпарттық порталы kaz.inform.kz  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қысқы шиналардың негізгі түрлері

ҚазАвтоЖол мәліметінше, автокөліктерге арналған қысқы шиналар үш негізгі түрге бөлінеді.

Біріншісі – шегелі шиналар. Олар мұзды және көктайғақ жолдарда жоғары ілінісу қасиетіне ие. Мұндай шиналар ауа температурасы жиі төмендеп, мұз қататын аймақтарға қолайлы.

Екіншісі – фрикциялық (жабыспалы) шиналар. Бұл түрі қала жағдайында және жұмсақ климатта тиімді. Олар қар мен дымқыл асфальтта жақсы нәтижесін көрсетеді, алайда қатты мұзда тиімділігі төмендейді.

Үшіншісі – жыл бойғы шиналар. Орташа қыс жағдайына жарамды, алайда қатты аяз және көктайғақ кезде арнайы қысқы шиналарға қарағанда аз тиімді.

Техникалық талаптар

Мамандардың айтуынша, қысқы шиналарды таңдауда бірқатар техникалық көрсеткіштерге назар аудару қажет.

Жылдамдық және жүктеме индексі. Таңдалған шиналар көліктің техникалық сипаттамаларына сәйкес болуы тиіс. Бұл көрсеткіш шинаның рұқсат етілген ең жоғары жылдамдығы мен көтере алатын салмағын айқындайды.

Протектор тереңдігі. Қысқы шиналардың протекторының тереңдігі кемінде 4 миллиметр болуы керек. Бұл көрсеткіш жолмен ілінісу сапасына және көліктің тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Қолдану мерзімі. Тәжірибе бойынша бес жылдан асқан шиналарды пайдалану ұсынылмайды, себебі уақыт өте келе олар өзінің серпімділік қасиетін жоғалтады.

Заңнамалық талаптар

Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (ТР ТС 018/2011) сәйкес, 1 желтоқсан мен 28 (29) ақпан аралығында барлық М1, N1, N2 және N3 санатындағы көліктер (жеңіл автомобильдер, жүк көліктері және автобустар) қысқы шиналармен жабдықталуы тиіс. Қысқы шиналарда міндетті түрде M+S немесе тау бейнесіндегі қар ұлпасы белгісі (3PMSF) болуы қажет. Аталған талаптарды бұзған жағдайда жүргізушілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қауіпсіздік және күтім шаралары

Сарапшылар қысқы кезеңде шиналарды ұдайы тексеріп отырудың маңызын атап өтеді. Суық ауа райында шиналардағы қысым төмендейді, бұл көлік басқарылуына және отын шығынына әсер етеді. Шиналардың жарық, тілім және тозу белгілерін дер кезінде анықтап, ауыстыру қажет.

Дөңгелектердің теңгерімі (балансировкасы) бұзылған жағдайда шиналардың мерзімінен бұрын тозуы және көліктің тұрақтылығының төмендеуі мүмкін.

Қысқы шиналарды уақтылы орнатып, оларды дұрыс пайдалану әрбір жүргізушінің қауіпсіздігінің кепілі. Көлікті қысқы маусымға алдын ала дайындау арқылы жүргізушілер өз өмірін және өзгелердің қауіпсіздігін сақтайды.

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.