Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мыңнан озған мұғалім

Республикалық байқауда Zhansugurov College-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Камшат Макеева «Үздік педагог» атағын иеленді. Астана қаласында салтанатты марапаттау рәсімінде ұстазға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова арнайы куәлік пен төсбелгі табыс етті.

6 қараша 2025
КҮЛТӨБЕ
Мыңнан озған мұғалім
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік педагог» байқауына бір жарым мыңға жуық педагог қатысқан. Солардың ішінен финалдық кезеңге 174 мұғалім ғана өтіп, олардың арасында 64 үздік ұстаз марапатталды. Республикалық байқауда жерлесіміз оза шапты. 1999 жылы Жетісу мемлекеттік университетін тамамдаған Камшат Макеева педагогикалық бағытта табанды еңбек етіп келеді. Ол Сарқан ауданындағы Черкасск орта мектебінен бастап, гуманитарлық-экономикалық колледжде қызмет атқарған. Қазіргі таңда ол «Zhansugurov College» қабырғасында жас ұрпаққа ана тілінде сабақ беруде.

Облыстан үздік атанып, республикалық додаға жолдама алған Камшат байқаудың шешуші кезеңінде «Абай Құнанбайұлының «Масғұт» поэмасы» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, өз білімін, әдістемелік машығын көрсетеді. Оның өткізген сабағын қазылар алқасы жоғары бағалады.

– Байқау шарттары бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес сабақ өткізу міндеттелді. 30 жылға жуық білім саласында сабақ өткізіп жүрсем де басында аздаған қобалжу болды. Әділқазылардың шынайы бағалауының арқасында жеңіске жеттім десем қателеспеймін. Маған сенім артқан әріптестеріме және басшылыққа алғыс айтамын, – дейді ол.

Камшат Макеева қазақ тілі мен әдебиеті бойынша бірнеше оқу құралдарының авторы. Алдағы уақытта республикалық оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған жаңа авторлық бағдарламасы жарық көрмек. Сонымен қатар, ол колледждегі «Болашақ» пікірсайыс клубының жетекшісі ретінде студенттердің логикалық ойлау мен шешендік қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Клуб мүшелері облыстық және республикалық деңгейдегі пікірсайыс жарыстарында жүлделі орындар алып жүр.

 

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33
Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Бүгін, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барады

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барады

Бүгін, 15:44

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.