Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бір келі сиыр етінің бағасы 15-20 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін – сарапшы

7 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Бір келі сиыр етінің бағасы 15-20 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін – сарапшы

Фото: видеодан скрин

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандық ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы Төлеутай Рахымбеков елімізде алдағы уақытта еттің құны 15-20 мың теңгеге дейін жететінін айтты, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Skifnews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Бұл туралы ол Tenge Talks YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Сарапшының айтуынша, алдағы жылдары сиыр етінің бағасы келісіне 15–20 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Тіпті Қазақстан Өзбекстаннан ет сатып алуға мәжбүр болуы ықтимал.

«Болашақта біз өз ұлттық бешбармағымызға өзбек етін салатын боламыз. Бірақ ол кезде оның бағасы келісіне 15-20 мың теңге болады», – деді Рахымбеков Tenge Talks YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Сарапшы 2019 жылы-ақ ет бағасының 5–6 мың теңгеге дейін қымбаттайтынын ескерткенін және оның болжамы расталғанын еске салды.

«Ол кезде мені сынға алғандар болды. Бірақ сөзім шындыққа айналды. Мен жағдайды ішінен білемін, сондықтан осындай қорытынды жасаймын», – деді ол.

Рахымбековтің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстандағы малдың 80-90 пайызы шағын шаруашылықтардың қолында. Ал олардың өз техникасы жоқ. Өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі жем мен шөпке кетеді. Фермерлер оны сатып алуға мәжбүр.

«Технологиялар болғанымен біз оларды ұмыттық. Шағын шаруаларда тек шөп қалады. Қуаңшылық бола қалса, баға бірден өседі», – деп түсіндірді маман.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ауылдағы фермерлер етті 3 мың теңгеден сатқанымен, қалаларда оның бағасы 6 мың теңгеге дейін жететініне наразы болған еді. Оның айтуынша, барлық пайда алыпсатарлардың қолында. Ал нағыз өндірушілер нарыққа да, жәрмеңкеге де шыға алмай отыр.

Брифинг барысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда сиыр етінің бағасы 6 мың теңгеден асып кетті деген пікірге түсініктеме берді.

«Бір апта бұрын өзім “Сауран” базарынан еттің жая бөлігін 4200 теңгеден сатып алдым. Ал онлайн саудада оралған кәуапқа арналған филе 5700 теңге шамасында болуы мүмкін. Бәрі тұтынушының сұранысына байланысты. Еттің бағасы әртүрлі. Ал мемлекеттің міндеті – халықтың әр санатына таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету», – деді министр.

Қатысты жаңалықтар

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.