Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ӘДЕПТІЛІК ӘДЕТКЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК

6 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
ӘДЕПТІЛІК ӘДЕТКЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс бойынша жыл басынан бері мас күйде көлік басқарған 99 адам ұсталды. Ең сорақысы, ішімдік ішіп көлік жүргіз­гендердің қатарында мем­­лекеттік қызметшілер де бар. Бұл туралы мемлекеттік қызмет­шілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтаудың түйін­ді мәселелері бойынша өткізілген семинарда айтылды.

Облыстық әкімдікте өткен жиынды облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай жүргізіп отырды. Семинарда 4 мәселе қаралды. Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтыну, көлік құралын масаң күйде басқарудың зияны туралы облыстық полиция департаменті әкімшілік практика бөлімінің бастығы Олжас Отаров, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Меруерт Ысқақова баяндады.

– Көлікті масаң күйде басқарғаны үшін жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Облыс бойынша жыл басынан бері масаң күйде көлік басқарған 99 адам ұсталды. Былтыр 500-ден астам адам тіркелген. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер де бар. Мәселен, жуырда көлікті ішімдік ішіп жүргізген Қаратал ауданы әкімдігінің бас маманы ұсталды. Заң қанша күшейіп, полиция қызметкерлері алдын алу шараларын ұйымдастырса да жүгенсіз жүргізушілер азаяр емес, – дейді Олжас Рысбайұлы. 

Осыдан кейін облыс әкімінің гендерлік теңдік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Римма Салықова «Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілікті және жыныстық қудалауды болдырмаудың маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасады. Өз кезегінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті пре­вен­ция басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Өмірбеков «Заң мен тәртіп. Мемлекеттік қызмет сала­сындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу бағытындағы іс-шаралар», облыстық дін істері басқарамасының дінтанушы, психологы Қанат Мүтебаев «Мемлекет қызметшілердің деструктивті діни ағымдар қызметіне араласудың алдын алу» тақырыбында сөйледі.

Жиында өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті екені айтылды.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.