Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қытайлық автокөліктердің сапасына қатысты шағым көбейді

5 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Қытайлық автокөліктердің сапасына қатысты шағым көбейді
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары Қытайлық автокөліктердің Қазақстанда танымалдығы артып барады. Алайда, олардың сапасына қатысты тұтынушылардың шағымдары да көбеюде. 2024 жылы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне (ҚР СИМ ТҚҚК) және оның өңірлік департаменттеріне «Темір тұлпарларға» қатысты 63 өтініш түскен. Бұл – бір жыл ішінде автомобильдерге қатысты тіркелген 112 шағымның әрбір оныншысы.

 • Қозғалтқыш қорабының ақаулары;
 • Электроника мен салқындату жүйесіндегі кемшіліктер;
• Автокөлік сипаттамаларының көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі сияқты шағымдар тіркелуде.

Комитеттің деректері бойынша, кейбір тұтынушылар көлікті автосалонға қайтаруға мәжбүр болған. Ал, басқа жағдайларда өңірлік департаменттердің араласуымен автосалондар ақауы бар бөлшектерді өз есебінен жөндеуге немесе ауыстыруға міндеттелді.

Автосалондарға қатысты шағымдар қандай өңірлерде жиі тіркелді?

Қазақстанның барлық өңірінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері автокөлік иелерінің мәселелерін шешуге атсалысты.

• Астана (6 шағым) және Алматы (9 шағым) – ең көп шағымдар тіркелген мегаполис қалаларда. Мұнда департаменттер сот процестеріне қатысып, келіссөздер арқылы дауларды шешуге көмектесті.
• Ақмола облысы (2 шағым) – қозғалтқышты ауыстыру және 9,99 млн теңгеге дейінгі ірі сомаға қатысты мәселелер қарастырылды.
• Алматы облысы (3 шағым) – бір көлік айырбасталып, қалған екі көлік бойынша қаржы қайтарылды.
• Ақтөбе облысы (1 шағым) – сот шешімімен 16 млн теңгеден астам қаржы, оның ішінде айыппұл және моральдық өтемақы өндірілді.
• Атырау (5 шағым) және ШҚО (4 шағым) – тұтынушыларға құқықтық көмек көрсетілді, жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, бір жағдайда 7,04 млн теңге қайтарылды.
• Жетісу облысы (3 шағым) – 8 млн.теңге көлеміндегі көлік ақауы жөнделіп, қалғандары қаралуда.
• БҚО (4 шағым) – 7,1 млн теңге тұтынушыға қайтарылды.
• Қарағанды облысы (3 шағым) – тұтынушыларға шағым дайындауда құқықтық қолдау көрсетілді.
• Қостанай облысы (7 шағым) – әртүрлі маркалар бойынша ең көп шағым тіркелген өңір, көбінесе шағымдар мен сараптамалар жүргізуге көмек көрсетілді.
• Маңғыстау облысы (1 шағым) – тұтынушының шағымы қанағаттандырылды.
• Павлодар облысы (4 шағым) – бір жағдайда сот арқылы 11 млн теңге өндірілді.
• Түркістан облысы (2 шағым) – мәселелер жазбаша өтініштер арқылы шешілді.
• СҚО (2 шағым) – бір автокөлік жөнделді, екінші шағым бойынша іс сотқа жіберілді.
• Ұлытау облысы (2 шағым) – сотқа жетпей шешілді.
• Шымкент (5 шағым) – көп жағдайда қаржы қайтарылды, бір іс сотта қаралуда.

Комитет және оның өңірлік департаменттері автокөлік сатып алушыларға келесі кеңестерді ұсынады:

Өндіруші мен автокөлік моделі туралы толық ақпаратты мұқият зерттеңіз;
Басқа тұтынушылардың пікірлермен танысып шығыңыз;
Кепілдік шарттарын мұқият оқып шығыңыз;
Құжаттарсыз және кепілдіксіз көлік сатып алмаңыз;
Егер көлікте ақау болып шықса, алдымен дилерге немесе сатушыға жазбаша шағым жіберіңіз.

Егер дилер 10 жұмыс күні ішінде жауап бермесе немесе мәселені шешуден бас тартса, ТҚҚК-нің өңірлік департаменттері тұтынушыларға құқықтық кеңес беруге, талап арызды дұрыс рәсімдеуге және қажет болған жағдайда сотта тұтынушының мүддесін қорғауға көмектеседі.

Құқығыңызды қорғау – өз қолыңызда!

Автокөлік – бұл үлкен инвестиция. Егер сіздің көлігіңіз сапасыз болып шықса, заң сіздің тарапыңызда екенін ұмытпаңыз. Құқықтық сауаттылықтың артуы және уақтылы көмекке жүгіну – бұл сапалы көлікке ие болудың және қажетсіз шығындардан құтылудың кепілі.

Дереккөз: GOV.KZ

Қатысты жаңалықтар

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30
Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00
Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.