Талдықорған: +20°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Үкімет азық-түлік бағасына бақылауды күшейтеді

18.11.2025
КҮНДЕРЕК
Үкімет азық-түлік бағасына бақылауды күшейтеді

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

WhatsAppTelegramFacebook

Инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша өткен апталық кеңесте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне азық-түлік қоржынына терең талдау жүргізіп, оның құрамына енетін тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеуді тапсырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Қараша айының алғашқы екі аптасында Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы 0,1% өсті.

Бірқатар көкөністің бағасы арзандауда. Мысалы сәбіз 1,7%-ға, орамжапырақ 1,8%-ға, пияз 0,4%-ға арзандады. Дегенмен, картоп бағасы өсіп отыр. Ол соңғы аптада 0,2%-ға, қарашаның алғашқы екі аптасында 2,2%-ға көтерілді. Ел бойынша картоптың орташа бағасы – килограмына 188 теңге.

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың мәліметінше, картоп бағасының соңғы 4-5 аптада 4,5%-ға қымбаттауына экспорттың қайта жандануы әсер еткен.

Екі айда картоп экспорты 300 мың тоннаны құрады. Ал жақын уақытқа жоспарланған экспорттық келісімшарттар көлемі шамамен 200 мың тонна. Осылайша, біз елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін қауіпсіз болып саналатын 500 мың тонналық жоспарлы шекке жақындап келеміз, — деді Айжан Бижанова.

Вице-премьер Сауда және интеграция министрлігіне картоп қорының жеткілікті көлемін қамтамасыз ету мәселесін Сыртқы саясат және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізуді тапсырды.

Қарашаның екі аптасы ішінде тауық жұмыртқасы мен құс етінің бағасы да 0,4%-ға өсті. Бұған негізінен жем-шөп пен импорттық құрамдас бөліктердің қымбаттауы себеп болып отыр.

Айжан Бижанованың айтуынша, күнбағыс майын өндірушілер құс фабрикаларын жем өндірісіне қажетті арзандатылған май көлемімен қамтамасыз еткен. Бағаны ұстап тұру үшін арзандатылған астық та қажет.

Осыған байланысты Серік Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына қысқа мерзімде құс фабрикаларын резервтен жемдік астықпен қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде қолжетімді құс етінің көлемін арттыруды тапсырды.

Қарақұмық жармасының бағасы қараша айының алғашқы екі аптасында 1,3%-ға қымбаттағандықтан, Азық-түлік корпорациясына бұл өнімнің қосымша көлемін тұрақтандыру қорларына тікелей сатып алып беру арқылы толықтыру міндеті жүктелді.

Коммуналдық қызмет тарифтерін өсіру уақытша тоқтатылған. Қазіргі таңда инфляцияға ықпал етіп отырған және мемлекеттік шаралармен реттеуге болатын негізгі фактор — азық-түлік тауарлары. Бұл тек әлеуметтік маңызы бар өнімдерге ғана емес, азық-түлік қоржынына кіретін әрі мемлекеттік реттеу аясынан тыс қалған барлық тауарларға да қатысты. Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік қоржынының құрамына талдау жүргізіп, бағаны тұрақтандыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуі тиіс, — деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ тауар айналымы толық қадағалануы қажет. Артық делдалдарды жою, бақылау мен құжат айналымын күшейту — нарықтың ашықтығын арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бағаның қолжетімді деңгейде сақталуына ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.